Бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге кітап оқуды дәріптеп, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған жиынға
Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, ақын Д.Танабаев, жазушы С.Олжабай және ақын Д.Айманбет қатысты.
— Еліміздегі тарихы терең бойлаған көне шаһар Шымкент пен бүгінгі жас мегаполисті бүлдіршіндерге кеңінен таныстырып, олардың туған өлке туралы дүниетанымын кеңейтуді мақсат тұтып отырмыз. Көрермендерге арналған «Қалаға хат» тақтайшасын орнаттық. Келушілер онда өздерінің қалаға деген ыстық лебізін, тілегін қалдырды, – деді Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары Гүлжан Талғатқызы.
Іс-шарада «Нұрсәт» өнер мектебінің оқушылары және Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, бүлдіршіндер Шымкент қаласының тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп, үздіктері сый-сияпатқа ие болды.
Айдана МҰХТАРОВА