Версия для печати

ТАҚТАЙША ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСҚА ТОЛДЫ Избранное

Пятница, 17 Июнь 2022 05:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1099 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкенттегі Кең баба этно-саябағында қала күніне орай «Туған өлкем – қандай көркем» іс-шарасы өтті. Мерекелік жиынды қалалық жасөспірімдер кітапханасының мамандары ұйымдастырған.

34

 

Бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге кітап оқуды дәріптеп, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған жиынға
Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, ақын Д.Танабаев, жазушы С.Олжабай және ақын Д.Айманбет қатысты.
— Еліміздегі тарихы терең бойлаған көне шаһар Шымкент пен бүгінгі жас мегаполисті бүлдіршіндерге кеңінен таныстырып, олардың туған өлке туралы дүниетанымын кеңейтуді мақсат тұтып отырмыз. Көрермендерге арналған «Қалаға хат» тақтайшасын орнаттық. Келушілер онда өздерінің қалаға деген ыстық лебізін, тілегін қалдырды, – деді Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары Гүлжан Талғатқызы.
Іс-шарада «Нұрсәт» өнер мектебінің оқушылары және Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, бүлдіршіндер Шымкент қаласының тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп, үздіктері сый-сияпатқа ие болды.

Айдана МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.