Версия для печати

ОЛАР ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ Избранное

Пятница, 17 Июнь 2022 05:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1165 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Маусым айының үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осы даталы күнге орай опера және балет театрында мерекелік кеш өтті. Оған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысып, медицина саласының өкілдерін төл мерекелерімен құттықтады.

35

 

– Пандемияға байланысты екі жыл қатарынан бұл мереке атаусыз қалып қойды. Енді, міне, ақ халатты абзал жандардың еңбектерін атап өтіп, ерекше құрмет көрсетудің сәті түсіп тұр.
Конституциямызда бірінші құндылық адам және оның өмірі делінсе, сол құндылықты құндақтап ұстайтын – медицина мамандары. Ендеше, олар барлық құрметке лайық. Соңғы жылдарда қаланың денсаулық сақтау саласы қарыштап дамуда. Оны қол жеткізген соңғы жетістіктерге қарап бағалай аламыз. Мәселен, балалар ауруханасы соңғы үлгідегі нейрохиругиялық жабдықтармен жабдықталды. Күрделі ауруға шалдыққан 36 баланың еміне бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді. Денсаулық күзетінде тұрған мамандардың төл мерекесі құтты болсын! – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Адам тәні мен жанын емдеуде
барын салған дәрігерлер мен медбикелердің ерен еңбегін бағалап, алғысын білдірген қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов ақ халатты абзал жандарға депутаттардың ізгі тілегін жеткізді.
Салтанатты жиында бір топ еңбек озаттарына Шымкент қаласы әкімінің алғыс хаты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі және қалалық мәслихаттың құрмет грамотасы табысталды.