Версия для печати

ЕҢ ІРІ СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ШЫМКЕНТТЕ АШЫЛДЫ Избранное

Пятница, 17 Июнь 2022 05:07 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1397 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Үшінші мегаполисте алғаш рет орталықтандырылған симуляциялық орталық іске қосылды. Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының базасында істейтін бұл орталықтың ашылуы 19 маусым – Қала күніне орайластырылып отыр.

38

 

Нысанның ашылу рәсіміне қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков, қалалық жәдел жәрдем станциясының жетекшісі Гүлнәр Құрманбекова қатысты. Мамандар шаһар басшысына түрлі құрылғылармен жұмыс істеу барысын таныстырды.
– Бұл симуляциялық орталықтың әзірге Қазақстан бойынша баламасы жоқ. Мұндай заманауи орталықтың халық саны көп қалаларда болуы маңызды. Оқыс оқиға болғанда зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетуді үйрену маңызды. Сондықтан, алғашқылардың бірі болып полиция қызметкерлері осы орталықта көмек көрсетудің жолдарын үйренеді деп жоспарлап отырмыз. Себебі, тәртіп сақшылары көбінесе жол апаты немесе басқа да шұғыл жағдайлардың басына бірінші болып жетеді. Сол кезде дәрігерлер келгенше медициналық көмек көрсетуді білгені жақсы. Бұған қоса медициналық оқу орындарының студенттері үшін де тәжірибе шыңдау орталығы бола алады, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Абибуллаұлының айтуынша, мұнда түрлі жағдайға арналған 100 муляж қарастырылған. Ересектерден бастап балаларға дейін, түрлі жарақаттан бастап шұғыл бала босануға дейінгі жағдайда алғашқы көмек көрсету әдістері үйретіледі. Орталық мамандары шетелдерде білімін жетілдіріп, біліктілік арттырып келген.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.