БІЛІМ ОРДАСЫНДА – ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫ Избранное

Понедельник, 04 Июль 2022 04:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1497 раз

Қала әкімі Мұрат Әйтенов М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназияда болып, қосымша салынып жатқан оқу ғимаратының құрылыс жұмыстарын тексерді.

137

 

Білім мекемесінің іргетасы осыдан 147 жыл бұрын қаланған. Бүгінде мектептің кей аумағы көнеріп, санитарлық талап пен өрт қауіпсіздік талабына сай емес екені анықталды. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында қосымша оқу корпусының құрылысы жүргізілуде.
Жаңа ғимарат 1 100 оқушыға лайықталған. Одан бөлек жобада 250 орынды АКТ залы, спорт залы, 20-30 мың кітап қорына арналған кітапхана және 20 оқу залы және 320 орынды асхана бар. Құрылыс 2021 жылдың маусым айында басталған. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылға жоспарланып отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.