14 жаңа аялдама қойылды

Среда, 13 Июль 2022 10:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 918 раз

14-jana-aialdama

Шымкентте биыл қалаішілік орталық көшелерге 178 аялдама павильонын орнату жоспарлануда. Барлық аялдамалар Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылады.

Бүгінде қала ішінде жоспарға сәйкес 14 аялдама павильоны қойылды. Аялдама орнату жұмыстары шілде айында басталды. Аталмыш жұмыстарды «Strong Servise» ЖШС және «Aicom» ЖШС-і жүзеге асырады.

Жалпы қала бойынша 1886 аялдама орны бар. Оның ішінде 1336-на аялдама павильоны орнатылған болса, қалғанында белгілер қойылған. 2021 жылдың қорытындысымен жаңа үлгідегі аялдама саны - 670-ке жетті. Қала бойынша олардың жалпы үлесі 35,5% құрайды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.