БЕСІНШІ АУДАНҒА ТҰРАН АТАУЫ БЕРІЛМЕК

Среда, 20 Июль 2022 04:38 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 741 раз

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясында осы ұсынысты бірауыздан қолдады. Сөйтіп, ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастикалық комиссияға тиісті ұсыныс жолдау туралы қала әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың бірлескен шешімі қабылданды.

 

Мәслихат сессиясына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, сөз сөйледі.
–Бүгінгі сессияда депутаттық корпус аса маңызды тарихи шешім қабылдады. Жаңадан құрылған ауданға Тұран деген атау беру туралы ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жолданады. Жалпы, бесінші аудан құру – уақыттың талабынан туындаған шешім. Шымкенттегі 81 шағынаудан мен тұрғын алапқа инжинерлік-коммуникациялық желілер жүргізіп, ондағы халыққа қолайлы жағдай жасауымыз керек. Жаңа ауданның құрылуы осы мәселені оңтайлы шешуге ықпал етеді, – деді
Мұрат Дүйсенбекұлы.
Айта кетейік, сессияда депутаттар Шымкент қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы да шешім қабылдады. Нақтылау барысында қала бюджетінің шығыс бөлігі 5.6 миллиард теңгеге ұлғайды.