Версия для печати

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Избранное

Пятница, 22 Июль 2022 04:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1120 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«Отбасы банк» акционерлік қоғамының Шымкент қалалық филиалы өз салымшыларына арнап экскурсия ұйымдастырды. Онда баспаналы болудан үмітті азаматтар үшінші мегаполисте салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен, сатуға шығарылған пәтерлердің жобасы, сапасы және бағасымен танысты.

18

 

Салымшылар алдымен №17 шағын ауданында орналасқан «Бірлік» тұрғын үй кешенімен танысты. Бес блоктан тұратын 9 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы биыл ерте көктемде басталыпты. Қазір бесінші қабаттың қабырғасы қаланып жатыр екен. «Kanfar Building» компаниясы құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың наурыз-сәуір айларында аяқтауды жоспарлап отыр.
Мұнан бөлек салымшылар Нұрсәт шағын ауданынан бой көтерген «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде де болды. 40 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысы бүгінде 90 пайызға аяқталған. Бизнес санатындағы пәтерлерде жайлы тұрмысқа қажетті жағдайдың бәрі бар.
–«Отбасы банк» арқылы Шымкенттен алғашқы пәтерімді алдым. Өзімнің 4 ұлым бар. Алла бұйыртса, барлығын баспаналы етсем деген ниетім бар. Шымкентте осындай жайлы, заманауи тұрғын үйлердің салынып жатқанына қуаныштымын, – дейді Арыс қаласынан арнайы келген көпбалалы ана Малика Бәкірова.
Айта кетейік, арнайы экскурция барысында салымшылар Шымкентте салынып жатқан 16 тұрғын үй кешенімен танысты. Ондағы пәтерлерді «Отбасы банк» арқылы 30 пайыздық бастапқы төлеммен ипотекалық несиеге немесе 50 пайыздық бастапқы төлеммен бөліп төлеу арқылы алуға болады.
Жалпы, Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Өткен жылы қалада 1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Последнее изменение Пятница, 22 Июль 2022 05:14