АУҚЫМДЫ ФОТО-КӨРМЕ ДАЙЫНДАЛУДА Избранное

Пятница, 22 Июль 2022 04:35 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 949 раз

Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қоғам қайраткері, жазушы Жан Ақжанов мәлімдеді.

28

 

Бірегей идея авторының айтуынша, ауқымды көрменің негізгі мақсаты – әр өңірдің көрікті, тарихи жерлерін, еңбек адамдарын фотосуреттер арқылы басқа аймақтарға таныстыру.
Биылғы жылғы 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласынан бастау алатын тың жоба, еліміздің барлық облыс және аудан орталықтарында ұйымдастырылатын болады.
Жоба авторы екі айдан астам уақыт көлемінде еліміздің барлық өңірінде іс-сапарда болатынын жеткізді. Қажетті материалдар жинақталған соң, арнайы құрылған комиссияға ұсынатын болады. Фотокөрмеде танымал тұлғалар мен тарихи жерлер көрсетіледі. Әзірге бұл жобаның дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, көрмеге мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру мақсатында түсірілген фотолар да қойылатын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.