ҚАЙТА ӨҢДЕУ КӘСІПОРНЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ Избранное

Пятница, 22 Июль 2022 04:36 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 871 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Алтынтөбе елдімекенінде орналасқан жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін «Алан и Компания» ЖШС-ның жұмысымен танысты.

25

 

2018 жылы құрылған кәсіпорын 2020 жылдан бастап қарқынды бау егумен айналысып келеді. Бүгінде мекеме иелігіндегі 45 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен қарқынды бау егілген. Оның 39,5 гектарында алма, 2 гектарында шабдалы, 2 гектарында алмұрт және 1,5 гектарында жүзім өсіріледі.
2021 жылы кәсіпорын жеміс-көкөністі қайта өңдеу зауытының құрылысын толығымен аяқтап, осы жылы зауыттың жұмысы толығымен іске қосылды. Инвестиция көлемі 1 200 млн. теңгені құрайтын жобаның қуаттылығы сағатына 7 тоннаға дейін жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеп, тосап (джем), шырын сияқты дайын өнімдер шығарылуда. Сонымен бірге 35 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде.
Ерекше атап өтерлігі, аталған өндіріс Қазақстанда пектин ұнтағын шығаратын ең алғашқы кәсіпорын.
Сонымен қатар, «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алған.
Кәсіпорын жұмысына қаныққан қала әкімі өнімдердің ішкі және сыртқы нарыққа шығуына аса мән беру қажеттігін айтты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.