БИДАЙҒА ОРАҚ ТҮСТІ Избранное

Пятница, 22 Июль 2022 04:38 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 820 раз

Шымкентте бидайға орақ түсіп, науқандық жұмыс қызып тұр. Бүгінге дейін 2 мың гектар алқаптың бидайы орылып, қамбаға 3 мың тоннаға жуық астық жиналған.

29

 

«Агросервис БМБ» шаруа қожалығы биыл өз иеліктеріндегі мың гектар жерге бидай еккен. Қазірдің өзінде дәнді дақылдың тең жартысын жинап үлгерген. «Оған ауа райы да қарасып тұр», - дейді шарулар.
Айта кету керек, ағымдағы жылы Шымкент қаласы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер астық тұқымдарымен толық қамтамасыз етілді. Дала жұмыстарын жүргізуге шаруалардың өтінімдеріне сәйкес жеңілдетілген бағамен литріне 189 теңгеден босатылған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.