Экотуризмді дамыту маңызды іс

Среда, 27 Июль 2022 05:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1023 раз

Экологиялық туризм – әлемдегі ең ірі және екпінді даму салаларының бірі. Экологиялық туризмнің пайда болуының негізгі өзгешелігі мен тұрақты даму тұжырымдамасына сәйкес табиғи ортаға түскен шығынды төмендету болып табылады.

 

Сондықтан, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде экологиялық туризмді дамыту барынша қолға алынуда. Бұл тұрғыда, қоршаған ортаға және табиғатқа ешқандай залалын келтірмей, сондай-ақ оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету арқылы іске асырылады. Осының өзі, табиғатқа және адамзатқа әкелер пайдасы мол. Олай дегеніміз, экологияны сақтай отырып салынған туризм нысандары, яғни олардың фундаменті тумбалық негізден құйылып және құрылыс материалдары жеңіл конструкциялық болып келеді. Сондықтан оған келуші туристердің қызығушылықтары артып, табиғатта экотуризмнің дамуы осылайшы артып отырады.

Жандос ЕРЕЖЕП,
Сайрам-Өгем МҰТП Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.