Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды Избранное

Пятница, 29 Июль 2022 05:23 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 740 раз

Қалада бүгінде 3 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан білім нысандарының жаңа оқу жылына дайындығын тексеріп, күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

80

 

А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназияда күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айында басталған болатын. Жауапты мердігер – «ШАХ құрылыс компаниясы» ЖШС.
Мектептің іргетасы 1989 жылы салынғаннан бері 33 жылда бірінші рет күрделі жөндеуден өтуде. Қазіргі таңда терезе орнату 90, сылақ 60, жылу жүйелері 20, электр желілерін тарту жұмыстары 50 пайызға орындалды. Құрылыс жұмыстарына 50 адам жұмылдырылған. Мердігер мекеме өкілдері құрылысты қыркүйек айына дейін аяқтауға уәде берді.
Сонымен қатар, А.Навои атындағы № 11 мектептегі күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Бүгінде жалпы жұмыстың 70 пайызы аяқталған. Жауапты мердігер «Авторемстрой ЛТД» ЖШС нысан құрылысын 20 тамызда аяқтауды жоспарлап отыр.
Шыңғыс Жұмабекұлы мердігер мекеме басшыларына жұмысты сапалы орындап, құрылысты жаңа оқу жылына дейін аяқтауды тапсырды.
Айта кетсек, 2022 жылы 5 білім беру ұйымында (№11, №50, №107 мектеп, 1 балалалар үйі, 1 арнайы мектеп-интернат) күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. 4 мекеменің ЖСҚ-ы дайын. Одан бөлек, 20 мекемеге ЖСҚ дайындалуда.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.