Мекеме мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тауып, өткен жылы техникалары мен құрал-жабдықтарын жаңартқан. Сондай-ақ, 2022-2023 жылдар аралығында жылына 10 млн банка шығаратын жемісті қайта өңдеу цехын және 2 000 тоннаға дейін жеміс пен көкөністі сақтау қоймасын салуды жоспарлап отыр. Құны 1,5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба іске асқанда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.