Версия для печати

ЕТ ӨНІМДЕРІН АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ ІС Избранное

Пятница, 05 Август 2022 05:16 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 747 раз
Оцените материал
(0 голосов)

2022 жылдың I жарты жылдығында ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 93,2 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,3 млн АҚШ долларына артты. Тамақ өнімдерінің негізгі капиталына тартылған инвестицияның көлемі 2,3 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,1 есеге өсті. Бұл туралы қала әкіміне есеп беру кезінде ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Жанбатыров баяндады.

117

 

Биыл 30 мың га егістік жерге ауыл шаруашылығы дақылы егілді. 6 айда 33,5 мың тонна өнім жиналды, жыл соңына дейін 90,1 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Ал мал шаруашылығында жалпы құны 10,6 млн теңгені құрайтын 8 жоба іске асырылып, 229 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Ірі қара мал саны – 79,7 мың, қой мен ешкі саны – 71,8 мың, жылқы – 14,4 мың, ал құс 977,6 мың басты құрады.
Салада құны 11 млрд теңгені құрайтын 14 инвестициялық жоба іске асады. Атап айтсақ: қайта өңдеу бойынша 3 жоба, 4 өндірістік жылыжай кешені, 2 сақтау қоймасы, 2 тауарлы сүт фермасы, 3 құс шаруашылығы жобасы бар. Нәтижесінде жаңадан 274 жұмыс орны ашылып, қалада көкөніс өндіру көлемі – 2 мың тонна, сүттің көлемі – 8,5 мың тонна, жеміс және көкөністі сақтау – 13 мың тонна, жұмыртқаның саны – 125 млн дана, сүтті қайта өңдеу саласы – 2,7 мың тонна, құс етін өндіру 5 мың тоннаға ұлғаяды және жемістер мен көкөністі қайта өңдеуде 6 млн банка консервіленеді деп күтілуде.
Қала әкімі М.Әйтенов жиын қорытындысында азық-түлік бағасына үнемі бақылауда ұстап, ет өнімдерін өндіретін шаруашылықтардың өнімдерін делдалсыз саудалау үлесін арттыруды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.