САПАЛЫ ЖҰМЫС – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ Избранное

Пятница, 19 Август 2022 04:24 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 932 раз

Бүгінде мегаполистің шалғай шағынаудандарын қажетті инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бір елді мекендердегі жолдар жаңарса, енді бірі сапалы интернетпен, таза ауыз сумен қамтылуда. Демек, тұрғындардың байбалам салуына негіз жоқ. Өйткені, бұл жұмыстар бүгінге дейін кезең-кезеңімен реттеліп, іске асырылып жатыр.

371

 

Мәселен, Асар-2 елді мекенін сапалы ауыз су, электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы 2021 жылы аяқталып, 2700-ден астам абоненттің мәселесі шешімін тауыпты. Алайда, шағынауданда инфрақұрылым жобаларына енбеген мыңға жуық тұрғын үй бар. Жыл соңына дейін қалған аумақтарды ауыз сумен қамту құрылысының ІІ кезеңі аяқталады. Қазіргі уақытта ішкі орам жүйелеріне құбыр тартылуда.
Сондай-ақ, аталған елді мекенде табиғи газбен қамту жұмысы жүргізілуде. Қазіргі кезде құрылыстың 40%-ға жуығы аяқталды. Жоспар бойынша пайдалануға 2023 жылы берілмек.

Бұдан бөлек, Асар-2 елді мекенінде кәріз құрылысы қарқын алуда. Ішкі орамдық кәріз құбырының жалпы ұзындығы 39,6 шақырымды құрайды. Бүгінде оның 60%-дан астамы орнатылды. Нысан келесі жылы қолданысқа беріледі.
Сол сияқты, Айнатас тұрғын алабының 9 көшесіне асфальт төселуде. Жол құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында бекітілген жоспарға сәйкес, жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары бойынша қаланың орталық магистралды көшелерімен қатар, аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелер басты назарға алынады. Еңбекші ауданы Айнатас тұрғын алабының Бесқұлан, Сарыөзен, Желді, Ақшығанақ, Құмтөкей, Көкорда , Шоқтас, Озыген, Бестерек көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Аталмыш жұмыстар тамыз айының соңына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі. Тұрғын алаптағы асфальт төселген жолдың жалпы ұзындығы 5 шақырымнан асады.
Айта кетейік, орташа жөндеу жұмыстары бойынша бүгінде 91 нысан - 202 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.