Шымкент қаласында ауыр жағдайда жедел жәрдем шақырған науқастарды сәтті реанимациялау көрсеткіші өте жоғары. Салыстырмалы түрде қарасақ, республика бойынша сәтті жансақтаудың орташа көрсеткіші 46 пайызды құрайтын болса, Шымкентте ауыр жағдайда жедел жәрдем шақырған 100 адамның 59-ы сәтті реанимацияланған. Мұны денсаулық сақтау саласындағы өте маңызды жетістік деуге болады.

224

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының талаптарына сәйкес, бүгінде елімізде барлық деңгейдегі әкімдер мен олардың орынбасарларына тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істеу жүктелген.

209

Халқымызда «Тәні саудың – жаны сау» деген керемет сөз бар. Денсаулық – әрбір адамның асыл байлығы. Бүгінгі жастардың бұқаралық спортпен айналысу арқылы өз денсаулықтарын нығайтып, рухы мен ерік-жігерін шыңдап жатқанын көргенде дән риза боласың. Өйткені, спортпен айналысу арқылы олар өмірлеріне қауіп төндіретін зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға бейімделеді.

201

АСҚАРОВ РУХЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Пятница, 16 Сентябрь 2022 06:02

Шымкентте Асанбай Асқаровтың туғанына 100 толуына орай тарихи тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Еске алу шарасына Шымкент қаласы мен Түркістан облысының зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері мен марқұммен қызметтес болып, көзін көрген ізбасарлары қатысты. Іс-шара барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сөз сөйлеп, қайраткердің еліміздің дамуына қосқан үлесі жайлы баяндады.

158

Шымкент қаласы Солтүстік саяжай тұрғын алабында сапалы электр желісі іске қосылды. Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов келді.

159

ТАПСЫРМА КӨП, ОРЫНДАЛУЫ ҚАЛАЙ?

Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:53

Бүгінде Шымкент қаласында тұрғындарды таза ауыз су, сапалы электр қуаты және табиғи газбен қамту бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Инфрақұрылым желілерін жүргізу барысында, әсіресе, қаланың орталығынан шалғай орналасқан шеткі шағын аудандар мен тұрғын алаптарға басымдық беріліп отыр. Шымкент қаласының 2025 жылға дейінгі кешенді даму жоспарының аясында жүргізіліп жатқан бұл жұмыстардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қала әкімі Мұрат Әйтенов жеке бақылауына алған.

154

ТУРИСТЕРДІҢ НАЗАРЫ – ҮШІНШІ ҚАЛАДА

Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:39

Шымкент туризмін дамыту 4 бағытпен жүргізіліп жатыр

Туризм – әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан индустриялардың бірі. Зерттеулер 2030 жылға қарай әлемде 1 миллиард 800 миллион адам өз елінің шекарасынан асып, шет мемлекеттерде демалу мен саяхаттауға шығатынын көрсетіп отыр. Қазірдің өзінде бұл сала бірқатар дамыған және алдыңғы қатарлы дамушы елдердің экономикасының негізгі тірегіне айналып, мол табыс әкеліп отырғанын көрудеміз.

151

Дәуренбек аға, биыл белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың туғанына 100 толып отыр. Ол кісі облысты басқарған жылдары Сіз де ауыл шаруашылығы саласында жауапты қызмет атқардыңыз ғой. Ол кісінің іскерлігі, елге сіңірген еңбегі мен кісілік келбеті туралы естеліктеріңізбен бөлісе отырсаңыз...

–Асанбай Асқаров тек қана оңтүстік өңірдің ғана емес, тұтас еліміздің дамуына үлес қосқан көрнекті тұлға. Өйткені, көпшілік ол кісінің Шымкент облысын басқарған жылдардағы еңбегін айтып жатады да, Жамбыл мен Алматы облыстарындағы атқарған сүбелі еңбектері көп айтыла бермейді. Мәселен, А.Асқаров кезінде Алматы қаласы архитектурасы және мәдени көрінісін өзгертіп, Алматы облысында Күрті және Қапшағай аймағындағы Ақдала және Шенгелді суғарылу массивтерін игеруді бастаған адам.

115

Страница 14 из 41