Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясында осы ұсынысты бірауыздан қолдады. Сөйтіп, ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастикалық комиссияға тиісті ұсыныс жолдау туралы қала әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың бірлескен шешімі қабылданды.

– Альбина Балғабайқызы, Шымкент республикалық мәртебеге ие болған 4 жылдың ішінде қаланың бюджеті 4 есе көбейді. Соның ішінде бюджеттің жергілікті кірістері 2,5 еседей артқаны айтылып жүр. Әрине, бұл жақсы көрсеткіш. Бірақ, қала қашан өз шығындарын өзі жауып, дотациялық өңір атанудан құтылады? Әкімдіктің осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарын қалай бағалайсыз?

–Шымкенттің республикалық статусқа ие болуы шаһардың экономикалық дамуына оң ықпал еткені сөзсіз. Мәселен, осы төрт жылдың ішінде 1.5 триллион теңге инвестиция тартылған. Биыл да 500 миллиард теңге инвестиция құйылады деп жоспарланып отыр. Бұрын қалаға мұндай көлемде қаржы келмеген. Бүгінде Шымкент инвестиция көлемінің өсімі бойынша республикада бірінші орында тұр.

157

togys 1

Жұмысыңыз, кәсібіңіз бен балаларыңыздың оқуы қалада, бірақ, өзіңіз бала күндегі ауылдың мамыражай тіршілігін, мегаполистің у-шуынан жырақтағы тыныш кештерді аңсап тұрасыз ба?! Шымкенттің іргесінде қаланың қарбаласы мен ауылдың арқайын атмосферасын қатар сезініп өмір сүруге мүмкіндік беретін тамаша шағын аудандар мен тұрғын алаптар бар. Соның бірі де бірегейі – Тоғыс тұрғын алабы.

Кеңестік кезеңде бұл ауылда Оңтүстік Қазақстан мұнай барлаушылар экспедициясының кеңсесі орналасып, қала типтес поселкі бой көтерген. Сөйтіп, дәурені жүріп тұрған шақта мұнда 24 көпқабатты тұрғын үй, үлкен мәдениет үйі, балабақша, емхана мен стадион салынған. Кейін өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы өтпелі кезеңде экспедиция жұмысын тоқтатып, гүлденген ауыл аз жылда тоз-тозы шығып еді. Жалпы, бұл жер 2014 жылға дейін Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты болып келген. Сол жылы Шымкент қаласы Еңбекші ауданының аумағына қосылып, Тоғыстың жаңа тынысы ашылды.

togys-turgini 2Шымқаланың бір бөлшегіне айналған Тоғыстың ажары ашылып, реңі кіре бастады. Жеті мыңнан астам тұрғынға қолайлы жағдай жасап, оларға қалалық өмірдің игіліктерін ұсыну мақсатында атқарылған жұмыстар жайлы бізге Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Данай Шуылдақ әңгімелеп берді.

– Қалаға жаңадан қосылған барлық елді мекендердегі негізгі мәселелер – жол, инженерлік жүйелер мен қоғамдық көлік. Нақты Сіз сұрап отырған Тоғыс тұрғын алабына келер болсақ, мұнда 2016-2021 жылдары 10 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт жабыны жаңартылып, аяқжол салынды. Тағы 2 көшеге шағал тас төселді. Мұндағы тұрғындарды мазалайтын мәселенің бірі – Бадам өзенінің үстінен өтетін көпірдің жағдайы болатын. 2020 жылы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы 151 миллион теңге қаржы бөлініп, ұзындығы 41 метрлік көпір күрделі жөндеуден өтіп, ені кеңейтілді, – дейді ол.

Бадам демекші, Тоғыс тұрғын алабынның ортасынан ағып өтетін бұл өзеннің жағалауы жазда жергілікті тұрғындар үшін жайлы демалыс аймағы болғанымен, кей жылдары көктемде қауіп-қатердің де көзіне айналатыны жасырын емес. Сондықтан тоғыстықтар көп жылдардан бері өзеннің жағалауын бекіту туралы жергілікті билікке өтініш айтып келген. 2019 жылы осы істің сәті түсіп, мердігер компания – «Гидроқұлыс» ЖШС-і Бадам өзенінің жағалауындағы дамбада жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Данай Абдуллаұлының айтуынша, Тоғыстағы күрделі мәселенің бірі кәріз жүйесі болған. 2017 жылы бюджеттен 226 миллион теңге қаржы бөлініп барлығы 485 абонентті қамтитын кәріз жүйелері күрделі жөндеуден өткізілген. Одан кейін кәріз мәселесін біржола шешу мақсатында Тоғыс, Маятас, Айнатас және Елтай тұрғын алаптарын толығымен қамтитын ұзындығы 12 шақырымдық магистральды кәріз коллекторының жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Бұл нысанның құрылысы аяқталған кезде Тоғыстағы көпқабатты тұрғын үйлер ғана емес, жеке сектордағы барлық тұрғындар да кәрізді пайдалана алады.

– Бауыржан Момышұлы атындағы №120 жалпы орта мектептің күрделі жөндеуден өтіп, жаңадан 300 орындық қосымша ғимарттың және спорт алаңдарының салынғаны бізді қуанышқа бөледі. Осының арқасында мектептегі орын тапшылығы мәселесі толығымен шешілді. Балаларымыз кең, жайлы мектептерде білім алатын болды. Жалпы Тоғыста мектептен бөлек жаңадан салынған, барлық қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі мен 3 балабақша жұмыс істейді. Қаланың шетінде, шалғай елді мекенде тұрып жатсақ та сапалы білім мен медициналық қызмет қолжетімді болғаны қандай жақсы?! - дейді Тоғыс тұрғын алабының тұрғыны Нұрбибі Әшірбаева.

togys 2

Мұнан бөлек, 2018 жылы Тоғыста халықты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін 285 миллион теңгеге барлық электр желілері мен бағандары және трансформаторлар жаңартылыпты. Енді тұрғындар «жарық қашан сөніп қалар екен» деп алаңдамайды. Сондай-ақ, мұндағы ауыз су және ирригация жүйлері жаңартылып, көше бойлары мен аулалар толық абаттандырылып көгалдандырылған.

– Мұнайбарлаушылар көшесінде ескі стадион болатын. Көп жылдан бері қараусыз қалып, ішін шөп басып жатушы еді. 2019 жылы сол жерге осындағы 24 көпқабатты үйге арнап балалар ойын кешенін, 1 баскетбол, 2 футбол алаңын салып берді. Оған қоса тренажер, стрит-воркаут алаңшалары, жүгіру жолағы тағы бар. Бастырмалар мен орындықтардың орнатылғаны да адамдарға өте ыңғайлы. Осындай футбол, баскетбол, стрит-воркаут, тренажер, балалар ойын алаңшалары Шұғыла көшесіне де салыныпты. Ауламыздың ажары ашылып, заманауи кейіпке бөленгені үшін қуаныштымыз, – дейді Н.Әшірбаева.

Мұнан бөлек биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында «АВМ Билдинг» ЖШС-і Мұнайбарлаушылар көшесі бойындағы балалар ойын алаңшасына 6 жарық шам орнатып, қазіргі таңда 24 көпқабатты үй аулаларын жарықтандыру жұмыстарын жүргізуде.

Иә, шалғайда орналасқанына қарамастан бүгінде Тоғыста өмірге қажеттінің барлығы бар: тегіс жол, таза ауыз су, сапалы электр қуаты, кәріз бен табиғи газ, уақтылы жүріп тұратын қоғамдық көлік, жаңа мектеп, балабақшалар мен амбулатория, балалар және спорт алаңдары. Оған кешқұрым таудан жақтан соғатын самал жел мен Тоғыстың дәмі балдай қымызын қоссаңыз... Бір ауыз сөзбен айтқанда, бұл жердің халқы курортты аймақта өмір сүріп жатқандай. Әрі Шымкенттің республикалық мәртебеге ие болып, мегаполис атануының игілігін ең көп көргендердің қатарында тоғыстықтар да бар. Ал, ең бастысы Шымкент қаласы әкімдігі шаһардағы әрбір шағын аудан мен тұрғын алапқа осындай қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

auyl-partiasy

Шымкент қаласы бас жоспарының жобасын талқылау жұмыстары қызу түрде жүріп жатыр. Оған қатысты өздерінің ой-пікірін Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы Шымкент қалалық филиалының белсенді мүшелері де білдірді. Арасында белгілі сәулетшілер және қаланың дамуына үлкен үлес қосқан азаматтар бар.

– Шымкент қаласының дамуы бәріміз үшін үлкен маңызға ие. Ал, бас жоспар дұрыс жасалса, онда қалада экономикада, өнеркәсіп те, ауыл шаруашылығы да орнықты дамиды. Ең бастысы, бұл құжат халықтың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне ықпалын тигізеді. Сондықтан, жергілікті биліктің бас жоспардың жобасын қоғамның ашық талқылауына шығаруы орынды шешім дер едім. Біз «Ауыл» партиясының атынан осы мәселеге қатысты ой-пікірлеріміз бен ұсыныстарымызды жеткізу үшін жиылып отырмыз, – деді «Ауыл» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Қанатбек Досалиев.

Айта кетейік, Шымкенттің бұған дейінгі бас жоспары 2012 жылы бекітілген. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бас жоспар 2035 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жобаны әзірлеу үшін мамандар қаладағы 117 мың гектар аумаққа түгел топотүсірілім жасап, 1:10 000 масштабпен картаға енгізіпті. Бұл жұмыстардың тағы бір ерекшілігі – барлық сызба заманауи талаптарға сай келетін векторлы форматта жасалған. Осылайша алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылып, Шымкент заманауи мегаполис талабына сай келетін қала атанады деп жоспарланып отыр.

Шымкентте жаңадан бесінші аудан құрылатын болды. Жаңа ауданның аумағы 36 мың гектарды құраса, онда шамамен 210 мың адам өмір сүреді.

beshinshi-audan

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясының күн тәртібінде бесінші ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы мәселе қаралды. Оған Шымкент қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Шыңғыс Мұқан, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қатысты.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша, шаһардағы демографиялық өсім жоғары, қала тұрғындарының саны жыл сайын 2,5-3 пайызға дейін көбейіп келеді. Оның үстіне Шымкент республикалық маңызға ие қалалар арасында аумағының кеңдігі жағынан бірінші орында тұр. Қалаға кейіннен қосылған ауыл типтес 41 елді мекен бар. Бұл шағынаудандар мен тұрғын алаптарды дамыту – кезек күттірмейтін мәселе. Аппарат басшысы осыған байланысты жаңадан бесінші аудан құру қажеттілігі туындап отырғанын атап өтті. Жаңа ауданның құрылуы қаланы басқаруды жетілдіріп, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Бұл мәселе Шымкент қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында қаралып, жан-жақты талқыланғандықтан халық қалаулылары ұсынысты бірауыздан қолдады.

Шымкент қаласы Қайтпас -1 шағынауданында газдан уланудың алдын алу және рұқсат етілмеген орындарда шомылудың қауіптілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, Қаратау әкімдігі, Қаратау ауданы төтенше жағдайлар басқармасының мамандары және Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ерікті жастары бірлесе отырып, үйлерді аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

718

Бүгін Шымкент қаласы Қайтпас -1 шағынауданында газдан уланудың алдын-алу және рұқсат етілмеген орындарда шомылудың қауіптілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, Қаратау әкімдігі, Қаратау ауданы төтенше жағдайлар басқармасының мамандары және Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ерікті жастары бірлесе отырып, үйлерді аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

578

Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне сеніммен қадам басты. 5 маусым күні өткен Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумнан кейін зор сеніммен осылай деуімізге болады. Себебі, бүкіл халықтың еркі және қалауымен Атаң Заңымызға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіре түсуге, билік тармақтарының дербестігін қамтамасыз етуге, ең бастысы, азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейту арқылы ашық әрі әділетті қоғам құруға жол ашып отыр.

555

Страница 2 из 25