Қош келдің, бөбегім!

Пятница, 26 Март 2021 03:40

Мереке қарсаңында қала перзентханаларындағы шымкенттік 253 анаға қала әкімінің жүрекжарды мерекелік құттықтауы жолданды. Бұл күтпеген тосын сый құшағына сәбиін алған жандарды таңғалдырды. Тіпті олар бір мезет қиналған сәтін де ұмытып кетті. Баладай тасыған көңілдерге дәрігерлердің де ілтипаты қанат бітіргендей. Аналармен бірге ақ халаттылар да мәре-сәре.

425

3 мыңға жуық ананы босандырды

Пятница, 26 Март 2021 03:38

Иә, адамзат баласы талай нәубетті бастан өткерді. Коронавирус – соның бірі ғана. Әлем халқына ауыз салған вирус Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Шекараны шегендеп, етек-жеңімізді қанша қымтасақ та, дендеген дерт осыдан бір жыл бұрын 13 наурызда тіркелген болатын.

426

Биыл – тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Отан тарихындағы отыз жылда еліміздің дамуына үлес қосып жүрген әйелдер аз емес. Солардың бірі – отандық косметика өнімдерінің көшбасында шымкенттік кәсіпкер арулар да бар. Иә, табиғи отандық өнім туралы сөз қозғалғанда алдымен «Айсәуле» тіл ұшына оралады.

aisauleСұлулық үшін қыз-келіншектің косметикадан бас тартпайтыны белгілі. Әйел заты соңғы тиыны қалса да әдемілік үшін қаражатын аямайды. Алайда сол тауардың бәрі сапалы ма деген сұрақ ойға оралады. Әдетте қандай косметиканың болмасын, құрамына алуан түрлі химиялық қоспалар қосылады. Бұл оның ұзақ уақыт жақсы сақталуына мүмкіндік береді. Сондықтан табиғи шөптерден жасалатын косметикалық жиынтық саусақпен санарлық. Яғни табиғи ғажайып маска, шампунь, сабынды нарыққа шығарған химия ғылымдарының кандидаты, доцент Айсәуле Мұсаеваның еңбегі ерлікпен бірдей. Ол білім мен ғылым саласында бірдей еңбек етіп келеді. Бір қызығы, бастапқыда ол өсімдік шикізаттары мен дәрілік шөптер, дәнді-дақылдардан басталған зерттеуін өзін толағай табысқа жеткізетінін білмесе керек-ті.

– Мен табиғи сұлулықтың сырын ұзақ іздедім. Ғылыми әдебиеттер мен шетелдік жаңалықтарды зерттедім. Ақыры оның құпиясын таптым. Олар жергілікті жерде шөптерден өндірілген өнімдерді қолданатын болып шықты. Соның арқасында косметиканың ағзаға жылдам әсер беретінін зерттеулерім көрсетті.

Нәтижесінде маған түрлі идеялар келе бастады. Елімізде дәрілік шөптер көп. Неге оны отандық өнімге айналдырып, игілігін көрмеске деген ой қылаң берді. Әйел адамға әжім ерте түседі ғой? Бұл мәселені зерттей жүріп, әжімнің бетте су азайып, жасушылардағы ылғал кете бастағанда түсетінін анықтадым. Сол біз таңырқайтын кәрістер мен қытайлық әйелдер күні бойы бетін нәрлендіретін пайдалы суды қолданады екен. Арада біраз уақыт өткенде шөптен маска жасадым. Оңтүстікте өсетін дәрілік шөптер мен дәнді-дақылдардың ұнтағын ашыту арқылы бетке жағатын маска дайындадым.

Оны екі жарым жылдай ғылыми тәжірибеден өткіздім. Кейін инновациялық патент алдым. Дайын болғасын тәжірибе ретінде күнделікті өзім қолдана бастадым. Нәтижесін көрген құрбыларым «маған да жасап берші» деп қолқа салды. Олардың көңілінен шықты. Сөйтіп, сұраныс күннен-күнге көбейді. Маркетинг бағытында тәжірибесі мол Зәуре сіңлім көмекке келді. 2012 жылдың қарашасынан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып келемін. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде Үкімет қаулысымен бекітілген мемлекеттік гранттың иегері атандық, - дейді Айсәуле Мұсаева.

Осылайша отандық «Ай-сәуле» косметика өндірісінің технологиялық желісі құрылды. Десе де, күрделі технологиялық процесс ұқыптылық пен шыдамдылықты талап етеді. Белсенді қоспалардан әзірленген экологиялық өнімдердің бәрі табиғи. Денсаулыққа пайдасы болмаса, зияны жоқ. Сұлулықтың сырына қанықтырып қана қоймай, жасартатын қасиетін айтсаңызшы. Мәселен, дәруменге бай бетке арналған маскалар теріні ағартып, бетті нәрлендіреді. Қара дақ, безеулерді емдейді. Тіпті көз айналасына, бетке әжім түсуден қорғайды. Әйелдер қауымына да керегі осы емес пе?! Орта жастан, егделікке қарай аяқ басса да, әдемілікті жақсы көрмейтін жан жоқ. Өйткені әрбір әйелдің өзіне тән әлемі, қайталанбайтын көркі бар.

Пандемия кезінде де отандық өнімдер тоқтаусыз шығып жатты. Қаржылық қиындықтар туындаса да, отандық косметиканың арқасында нәпақасын тауып отырған жандар үшін Айсәуле Мұсаева жұмысын тоқтатпады. Азық-түлік, киім-кешек бағасы шарықтап жатқанда да, «Айсәуленің» өнімдерінің құны өскен жоқ.

Ғалым-кәсіпкер жан өз жұмысын шексіз жақсы көреді. Табиғи өнімдерді бар болмысы, ынта-шынтамен жасайды. Бүгінде кәсіпорын тек косметикалық заттар ғана емес, түрлі дертке шипа шөп шайлар мен сусабындар шығаруды қолға алған. Шымкенттен бөлек, Алматы, Астана, Атырау қалаларында сауда өкілдері жұмыс істеп жатыр. Мұнан бөлек, Сарыағаш, Манкент шипажайлары мен демалыс орындарында да келушілерге қызмет көрсетуде.

Химия ғылымдары кандидатының айтуынша, косметикалық өнімдердің бәрінде табиғи эфир майлары бар. Ал майдың сұлулық үшін қызметі ұшан-теңіз екені белгілі. Тері астындағы ылғалды сақтайды. Сондай-ақ, Айсәуленің түрлі шөптер мен қайнатылған сүттен жасалған сабындарының емдік қасиеті жетерлік. Дене күтіміне арналған өнімі өз алдына бөлек әңгіме. Теңіз тұздары және итошаған, түймедақ шырындары қосылған гельдің қасиетін оқырман айтпай-ақ түсінген болар. Шаш күтіміне арналған шампунь да, салмақ тастауға арналған шөп шәйлар да табылады мұнда. Қыз-келіншектердің басты уайымы – артық салмақ мәселесін де «Айсәуле» өнімінің көмегімен шешуге болатын көрінеді. Денедегі артық судың жиналуын болдырмайтын қасиетке ие. Мұнан бөлек, қанды тазартып, көздің көруін, бүйрек жұмысын жақсартатын көрінеді.

Міне, аталған өндіріс 10 жылға жуық уақыттан бері әйелдерге сұлулық сыйлап келеді. Бет пен терінің әрін келтіріп қана қоймай, денсаулықты нығайтуға да үлесі зор.

Иә, айналамыздағы табиғи шөптертің бізге белгісіз қыры мен сыры жетерлік. Оны ұқсата пайдаланып, халықтың игілігіне ұсынып келе жатқан «Айсәуле» өнімі сізге айдай ажар, күндей көрік береді.

Берешегі барын өзі де білмеген

Пятница, 26 Февраль 2021 04:11

Шымкенттік тұрғынның жанайқайы тәртіп сақшыларының назарына ілікті. Оның Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына түсірген шағымы аяқсыз қалған жоқ.

155

Көктемнің Шымкенттен лебі еседі

Пятница, 19 Февраль 2021 04:09

Шымкентте шомылу маусымы басталғаны жайлы видео-ролик әлеуметтік желіні шарлап кетті. Балалардың суға түсіп жатқанын көргендер «Суықтап ауырып қалмай ма?» деп алаңдаулы.

102

Велоспортшы жеңімпаз атанды

Среда, 17 Февраль 2021 03:56

Шымкентте жасөспірімдер арасында 2-4 ақпан аралығында велоспорттан (маутинбайк) Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті. Жарысқа республикамыздың 11 аймағынан 60-тан астам спортшы қатысты.

93

101-jasagan

Шымкенттік 101 жастағы әжейдің жүрегіне күрделі ота жасалды. Аяқ астынан сырқаттанып, ауыр жағдайда түскен қарт тұрғынға кардиологтар шұғыл медициналық көмек көрсетті.

Жүрек қағысы 30-ға дейін күрт төмендеп, өмір мен өлімнің арасында жатқан кейуанаға дәрігерлер араша түсті. Сөйтіп, қалалық кардиология орталығында бұрын-соңды болмаған ота жасалды. Әжейдің жүрегіне шұғыл түрде электракордиостимулятор имплантациясы қойылды. Ота сәтті шыққан соң қарт тұрғынның жүрек соғысы қалыпқа келді. Кардиология орталығына келгенге дейін өзін нашар сезінген әжей жағдайын ойлап, күйзелген екен. Бойын өлім туралы үрей билеген. Күрделі отадан кейін өмірдің шырағы қайта жанды.

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, қуанғаннан ол ауруынан айыққандай күйде. Тәбеті ашылып, тамақ ішетін болды. Отадан кейін аяққа тұрып, жүрген. Осындай жақсылығы үшін кардиологтарға алғысы шексіз Ол 9 қаңтарда кардиоорталықтан үйіне шығарылды. Германиялық құрылғы жүрек дертіне шалдыққандарға 8-10 жылға дейін қызмет көрсетеді. Мерзім қолданысы біткенде аппараттың батерейкасы ауыстырылып, өмір сүру ұзақтығын созуға мүмкіндік пайда болады.

– Бұл – біздің тәжірибемізде болмаған ота. Электрокардиостимулятор имплантациясы алғаш рет қолданылып отыр. Бұған дейін 95-96 жас шамасындағы апа-аталарға ота жасағанбыз. Себебі, үлкен кісілердің жасы ұлғайған сайын тіндері үлбірдей нәзік болады,– дейді қалалық кардиология орталығының дәрігері Азат Тұрсынбеков.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, шымкенттіктер соңғы жылдары жүрек қағысының нашарлауына жиі шағымданатын болған. Бұрын бұл дерт 60-65 жастағы адамдарда жиі кездессе, қазір жастар да, тіпті балалар да жүректің әлсіздігіне шалдығатын болды.

– Ауырған тұрғындар жедел инфарктен соң диспансерлік есепке тұруы керек. Бұл ауру бірден жойылып кетпейді. Үнемі жағдайын бақылап, уақытылы дәрі-дәрмегін ішкені жөн, – деп кеңес береді кардиологтар.
Қалалық кардиология орталығында жылына жүрекке 500-ден астам ашық ота жасалады. Қынжылтатыны, ауру жылдан-жылға «жасарып» барады. Сондықтан ақ халаттылар уайым, күйзелістен аулақ болып, денсаулыққа немқұрайлы қарамауды ескертеді.

Жыл қорытындысы сараланды

Среда, 10 Февраль 2021 03:52

Шымкент қалалық сотының ақпараттық орталығында Еңбекші аудандық сотының 2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

72

Страница 5 из 47