Шымкентте Президент сайлауына дайындық іс-шараларын пысықтау бойынша оқыту семинары өтті.

DSC 8400

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысқан семинарға аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, электораттық оқытудың сертификатталған тренерлері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының өкілдері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Л.Сүлеймен сайлау заңнамасындағы өзгерістер, кандидаттарлың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүзеге асыру шарттары, сайлау комиссияларының сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі өкілеттіктері туралы әңгімеледі, аумақтық сайлау комиссиялары және жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттермен таныстырды.

– Учаскелік сайлау комиссиялары жұмысын бастады. Сайлау туралы заңға өзгерістер еніп отыр. Биылғы ұйымдастыру науқанында бірқатар жаңашылдықтар бар. Енді сайлау комиссиясының мүшелері жұмысты жүйелі ұйымдастыруы керек, – деді Ләззат Жаңылысқызы.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов сайлаушылардың тізімдерін жасау, сайлау учаскелерін материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша атқарылған іс-шаралар туралы баяндады.

Айта кетейік, Шымкентте 260 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде 25-і жаңадан құрылып отыр. Бекітілген күнтізбеге сәйкес дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, қалада 568 794 сайлаушы бар. «Қала әкімдігі тарапынан сайлауды ұйымдастырудағы цифрлық технологияларды қолдану, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауға белсене қатысуына барлық жағдай қарастырылуда», - деді аппарат басшысы.

Ал қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ерлан Дауылбаев сайлау науқанын өткізу жағдайы, сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы туралы хабардар етті.

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясы өтіп, онда бірқатар мәселелер қаралды, депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Бахадыр Салимов төрағалық еткен сессия отырысында бірінші мәселе бойынша Шымкент қаласынан ҚР Парламенті Сенаты депутатының орнына кандидат ұсынылды.

Сессия 5

«Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Бекайдар Төлегенов бұл мәселе бойынша «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директор-бас редакторы Айгүл Қапбарованың кандидатурасын ұсынды. Мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер болып ұсынылған А.Қапбарованың кандидатурасы лайықты екенін атап өтіп, алдағы жауапты кезеңге сәттілік тіледі.

– Айгүл Жарылқасынқызы – тәжірибесі толысқан, бұл лауазымға жан-жақты дайын кандидат. Қаланың дамуына өз үлесін қосып келеді. Жоғарғы заң шығарушы органда да өз біліктілігін көрсетеді деп ойлаймын, – деді қала әкімі.

Айта кетейік, Айгүл Жарылқасынқызы еңбек жолын облыстық телерадиокомпаниясының редактор-тілшісі болып бастаған. Одан кейін «Оңтүстік Қазақстан» газетінің саясат бөлімінің меңгерушісі болып істеді. Бүгінде «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директор-бас редакторы қызметтерін абыроймен атқарып келеді.

Сессия отырысында, сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау мәселесі талқыланды. Бұл лауазымға Айтуар Балықбаев мүше болып тағайындалды.

Үшінші мәселе бойынша қала мәслихатының «Жергілікті мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне бірқатар толықтырулар енгізілді.

Шымкентте «Nur Otan» партиясынан ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қоғамдық штабының ұйымдастыруымен «BIRGE» жалпыұлттық акциясы басталды. Акция Президенттікке кандидаттың сайлауалды бағдарламасын қалыптастыруға азаматтарды тікелей қатыстыруға бағытталған.

DSC 6753

Арбат демалыс аймағында ұйымдастырылған іс-шарада қалалық штаб жетекшісі, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов акцияның негізгі мақсаты мен міндеттері туралы мәлімдеп, қала тұрғындарын сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

– Акцияның басты мақсаты – тұрғындардың пікірін, ұсыныстары мен ескертпелерін кандидатқа жеткізу. Жалпы сайлауалды бағдарламаға ұсыныстар мен толықтырулар енгізуге мүмкіндік бар.

Жинақталған пікірлер республикалық штабқа жеткізіледі. Жастарды, көпшілік тұрғындарды осы акцияға белсенді қатысуға шақырамын, - деді Бахадыр Мәдәліұлы.

Акция 2019 жылғы 13 мамырдан 7 маусымға дейін ҚР Президентін сайлау бойынша «Nur Otan» партиясының электоралды науқанының үгіт-насихат кезеңі шеңберінде өтеді.

Төл мерекеде – қоныс тойы

Среда, 08 Май 2019 03:55

Шымкентте Отан қорғаушылар күні қарсаңында бір топ әскери қызметкер баспаналы болды.

1

Тұран шағынауданында орналасқан үйдің пәтерлері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында беріліп отыр.

Салтанатты жиында Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің командирі, полковник Қайрат Үмбетов, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Шымкент қалалық филилалының директоры Құдайберген Сейітмағамбетов, «Бәйтерек девелопмент» АҚ Шымкент қаласындағы өкілі Дәуітхан Дүйсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, пәтер кілттерін табыс етті.

– Көптен күткен қуаныштарыңыз қасиетті Рамазан айының басталуымен тұспа-тұс келіп отыр екен. Жалпы қалада 7 500-дей әскери қызметкер бар. «Бәйтерек девелопмент» АҚ Тұран шағынауданынан 501 пәтерді бөлді.

Соның көп бөлігі әскери қызметкерлерге беріледі. Біздің қызметкерлер барлық әскери бөлімдерде 3-4 ай бойы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Қоныс тойларыңыз құтты болсын, қуаныштарыңыз баянды болсын, - деді Қ.Сейітмағамбетов.

Бұл күні Шымкент қаласында орналасқан әскери құрылымдарда қызмет ететін 19 офицерге пәтер кілті тапсырылды.

Алдағы уақытта да Қаратау ауданы, 192-орамда орналасқан тұрғын үй кешендерінің пәтерлері кезең-кезеңімен әскерилерге табыс етіледі.

Жиында көршілер мен тұрғындар банк атынан «Жасыл мекен» акциясы аясында сыйға тартылған 60 түп ағаш көшетін аула ішіне егуге атсалысты.

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясында бірқатар мәселелер қаралды. Алдымен мәслихаттың «Шымкент қаласының басқару схемасы» туралы шешіміне өзгеріс енгізілді.

58087895 2209835829329371 3076826545499668480 o

Жиында баяндама жасаған қала әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұловтың мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастыратын басқарма құру жөніндегі ұсынысы депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тауып, Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасын құру туралы шешім қабылданды.

Сессия отырысында жергілікті мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы шешімге толықтырулар енгізу мәселесі қаралып, депутаттар жобаның тізімін мақұлдады.

– Заңға сәйкес, жаңа басқарма құру – уақыт талабы. Енді барлық мемлекеттік сатып алу жұмыстарын осы басқарма жүзеге асырады. Жақсы мамандарды жұмысқа қабылдаймыз.

Яғни, мердігерлер бойынша жұмыс жанданып, жалақы төлеу мәселелері шешіледі. Ал мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының барлығы да қаланың дамуына серпін береді.

Биыл Еңбекшi ауданындағы барлық балалар алаңшасы толық жаңартылады, - деді қала әкімі Ғ.Әбдірахымов.

Мәжілісте, сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы, әкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамы және дербес құрамы, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамы бекітілді.

Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жолдасовтың айтуынша, инспекция 2018 жылдың қыркүйек айында құрылған.

Көлік инспекциясы. Брифинг

Бүгінге дейін инспекция мамандары 516 әкімшілік-құқық бұзушылықты анықтап, 75 млн 789 мың теңгеге әкімшілік айыппұл мен жол жүру алымдарын өндірген. Соның 60%-ы инертті материалдарды тасымалдауға арналған карьер автокөліктері екені анықталып отыр.

– Ауыр салмақты «Хово», «Шансиман» және тағы басқа жүк көліктері қала жолдарымен белгіленген нормадан артық жүк тасымалдауда. Инспекция тарапынан бұл жолдардың барлығына бақылау жүргізу мүмкін болмай тұр. Сондықтан былтыр қала әкімдігімен бірге ауыр салмақты автокөліктерді бақылауға бағытталған 2019 жылға арналған бірлескен Жол картасы бекітілді.

Жұмыс тобы тарапынан жүк көліктерінің қарқындылығына талдау жүргізілді. Нәтижесінде қаланың 7 көшесіне (Ю.Гагарин, Б.Алпысбаев, Н.Исмаилов, Т.Рысқұлов, Т.Өтегенов, С.Бәйтереков, І.Жансүгіров) салмағы 8 тоннадан асатын жүк автокөліктеріне салмақтық шектеу белгілерін қою туралы шешім қабылданып, оны орнату бойынша құзырлы мекемелерге ұсыныс жолданды, - деді инспекция басшысы.

Инспекция мамандары Шымкент қаласы аумағында инертті материалдарды (құм-тас) жинақтайтын 27 заңсыз орынды да анықтаған. Қалалық жер қатынастары басқармасымен бірге атқарылған жұмыс өз нәтижесін берген.

Жол картасына сәйкес, заңсыз жұмыс жасап жатқан құм-тас жинақтайтын орындардың жұмысын тоқтатып, қаланың кіреберісіне салу жөніндегі инспекция ұсынысы Шымкент қаласы әкіміне жолданып, құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде.

Электронды билет – оң шешім

Пятница, 19 Апрель 2019 04:14

Қаладағы қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізіледі. Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі «Shymkent» ӘКК АҚ Басқарма төрағасы Рашид Аюповтың осы тұрғыдағы ұсынысын қолдады.

40137863 666954887020331 4092549713587339264 n

– Электронды билет жүйесін енгізу және муниципалды автобус паркін құру бірқатар маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, жол жүру ақысын көлеңкелі айналымнан шығару, ескірген автобустар паркін жаңарту, қалалық жолаушылар тасымалы қауіпсіздігі мен қызмет деңгейін арттыру, өндірістік инфрақұрылым құру және т.б. мәселелер, - деді Р.Аюпов.

«Shymkent» ӘКК осы тұрғыда қоғамдық көлік мәселесін заманауи тұрғыда шешуді ұсынып отыр. Олардың арасында электронды билеттеуді енгізу және муниципалды автопарк құру бар.

«Shymkent ӘКК АҚ Басқарма төрағасы Рашид Аюповтың айтуынша, қазіргі таңда Шымкент қаласында 27 көлік компаниясы жолаушылар тасымалдаумен айналысады, олардың тек 14-інде ғана өз автобустары бар, қалғаны автобусты жалға алады.

Бұған қоса тасымалдау қауіпсіздігі, автобустар паркін жаңарту, жүргізушілер мен кондукторлардың мәдениет деңгейі және осы компанияларда қызмет көрсету сервисі сияқты маңызды мәселелерді оң шешу керек.

Осы орайда «Shymkent» ӘКК АҚ бірқатар жұмысты жоспарлауда. Олардың арасында қалалық муниципалды автобус паркін құру, инфрақұрылымды дамыту, субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту, орталық диспетчерлік қызмет, пайдаланушыларға қызмет көрсету орталығы және сервистік-техникалық қызмет секілді бағыттар бар.

Басқарма басшысының бұл ұсыныстары Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі тарапынан қолдау тапты.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мегаполистегі барша аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Қала әкімі салтанатты іс-шарада қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген аналарға алғысын айтып, 20 көпбалалы анаға Алтын алқа мен Күміс алқа төсбелгілерін табыстады.

DSC 7947

Мерекеге орай Түркістан сарайында мерекелік концерт өтті. Салтанатты жиынға тыл еңбеккерлері, көпбалалы аналар мен түрлі салада қызмет етіп жүрген іскер әйелдер қатысты.

– Ұрпақ өсіріп, ұлт тәрбиелеуде аналардың алар орны айрықша. Еліміздегі әрбір бесінші сәбидің Оңтүстікте өмірге келетінін ескерсек, ақ жаулықты аналарымыздың демографиялық дамуға қосып келе жатқан үлесін мақтанышпен айтамыз. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында барлығымыз бас иемiз.

Асыл аруларымыз отбасы берекесімен бірге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің 60 пайызын нәзік жандар құраса, қала әкімдігіндегі қызметкерлердің 42 пайызы – әйел азаматтар, – деді қала әкімі.

Мерекелiк кеште көпшіліктің көзайымына айналған Музарт тобының концерттік бағдарламасы мен жергiлікті дизайнерлердің сән топтамаларының көрсетілімі өтті.

Жалпы, Шымкент қаласында 31 мыңнан астам көп балалы ана бар. Оның ішінде 2 220 «Алтын алқа» иегері, 6056 «Күміс алқа» иегері және 511 Батыр ана бар.

DSC 8235

Страница 3 из 13