Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек 2024 жылдың I жартыжылдығында ауданда жүзеге асқан жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді. Аудан әкімі инфрақұрылым, абаттандыру, санитарлық тазалық, жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстарының барысын баяндады.

«Мейірімділік – асыл қасиет»

Пятница, 02 Август 2024 06:12 Автор
Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мейірімділік – асыл қасиет» атты акватерапиялық іс-шара өтті. Alpen park демалыс аймағында өткен кезекті терапияға жалпы 35 бала қатысты. Жастар ресурстық орталығының психологтары балалардың көңілін көтеріп, негативті ойлардан арылуына жағдай жасады.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаладағы бірқатар білім беру нысандарын аралады. Атап айтқанда, А.Сейдімбек атындағы №80, №48, М.Х.Дулати атындағы №8 және Б.Момышұлы атындағы №120 мектептерде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Әкім салалық басқарма басшыларына тек құрылыс барысына ғана емес, жақын маңдағы аумақтардың санитарлық жағдайына…
Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 90,5 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлы ауданның дамуы бойынша 2024 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс жайлы баспасөз брифингінде баяндады.
Елімізде 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында емханаларға бекітілу бойынша жыл сайынғы науқан болады. Осыған орай, Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының емханаларында тіркелу туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Шымкент қаласындағы өзіндік тарихы бар нысандардың бірі – «Фосфоршылар» сарайына қатысты түпкілікті шешім қабылданды. Кеңестік кезеңде мәдениет пен өнердің ордасы болып, халықтың игілігіне қызмет еткен бұл ғимарат өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы аласапыран кезеңде жекешеленіп кеткен болатын. Содан кейін қараусыз қалып, әбден тозығы жеткен ғимарат ақыры…
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы – Шымкенттегі негізгі өнеркәсіптік алаңдардың бірі. 2010 жылы іске қосылған арнайы экономикалық аймақтық 225 гектарды құрайды. Мұнда тоқыма өнеркәсібі, химия мұнай-химия өнеркәсібі және ішінара машина жасау саласындағы жобаларды іске асыру үшін инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамтамасыз етілген жер учаскелері инвесторларға ұсынылады. Бұл аймақты…
Шымкент қаласындағы «Арбат» алаңында «Жастарға жұмыс» атты бос жұмыс орындарының республикалық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «AMANAT» партиясының қолдауымен Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырды.
Өкінішке қарай қазіргі қоғамда алаяқтық кеңінен белең алуда. Алаяқтардың құрбаны болған қаншама жанды күн сайын көріп, естіп жатамыз. Бөтеннің мүлкін заңсыз жымқырып немесе алдау, арбау арқылы иемденіп алу – нағыз алаяқтық. Бұндай әрекеттер үшін еліміздің заңында қатаң жауапкершілік бекітілген. Дегенмен, алаяқтардың әрекетіне толықтай тосқауыл қою…
Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қалалық сотының қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқаларының 2024 жылдың бірінші жартысында атқарылған жұмыс қорытындылары бойынша баспасөз конференциясы өтті.