Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысы есепті кезеңде жылу маусымына дайындық, инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы, көшелерді жарықтандыру бойынша жүзеге асқан жұмыстарды баяндады.
Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап берді.
Шымкентте 25 қазан – Республика күніне орай жас ақындар арасында «Күміс қалам - 2023» атты республикалық байқау мен «Күміс домбыра» айтысы «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» тақырыбымен өтті. Осымен үшінші жыл қатарынан дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан жыр мүшәйрасына 19 бен 35 жас аралығындағы ақындар қатысты.
ШЫМКЕНТТЕ 9 АЙДА 569 МЫҢ ШАРШЫ МЕТРДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН
Среда, 18 Октябрь 2023 03:48 Автор Редакция
Шымкент қаласында биыл 9 айда 559 063 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков мәлімдеді.
ҚАЛА ӘКІМІ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ
Среда, 18 Октябрь 2023 03:47 Автор Тағабай ҚАСЫМ
XIX Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олардың бапкерлерін марапаттау іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, мәслихат депутаттары, спорт мектебі басшылары қатысты.
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып Жүнісбеков Нұрбол Әбдірахманұлы тағайындалды.
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ КӘСІПОДАҚТАРЫНЫҢ ШЕКАРА МАҢЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Среда, 18 Октябрь 2023 03:43 Автор Айдар Құлжанов
Шымкентте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен және Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) қолдауымен Орталық Азия елдері кәсіподақтарының шекара маңы ынтымақтастығы бойынша семинар өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерінен құралған делегациялар қатысты.
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨНЕРКӘСІПТІ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЕТЕДІ
Пятница, 13 Октябрь 2023 04:26 Автор Редакция
Соңғы жылдары цифрлы трансформация дәуірі қарқынды дамып келеді. Көптеген ұйымдар бүгінде дәстүрлі бизнес үлгілерінің өзгеруін бастан өткеріп, цифрлы технологиялар көмегімен бәсекеге қабілетті болуға талпынуда. Мамандар өңдеу өнеркәсібін толық автоматтандыруға арналған заманауи технологияларды және жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданатын озық цифрлы инновациялық шешімдерді қолдану арқылы өндірістегі табысты…
«ІСКЕР ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ – КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ
Пятница, 13 Октябрь 2023 04:25 Автор Тағабай ҚАСЫМ
Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысының орынбасары өнеркәсіп, инвестиция, шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау шаралары, сауда бағыттарындағы жұмыстарды баяндады.
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек №7 емханаға барып, медициналық қызмет түрлерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмыстарының барысымен танысты.