Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша жалпы криминогендік ахуал тұрақты. Жыл басынан бері қала аумағында тіркелген қылмыстар саны 36,3 пайызға азайған. Бұл туралы толығырақ жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ПҚОП ЖШС) жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ хабарлады.
Абай ауданы Шымкенттің халқы ең тығыз орналасқан аумағы саналады. Ауданда 27 елді мекенде 55 159 үй, 205 көп қабатты тұрғын үйде 257,7 мың халық, 1274 көшеде 230 әлеуметтік нысан орналасқан.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін шымкенттіктер ерекше атап өтті. Он күндік аясында салт-дәстүр, ұлттық ойындар мен киімдер дәріптеліп, үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсетілді. Газетіміздің оқырмандарына мереке мезеттерін ұсынып отырмыз.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Сауда қызметін реттеу және тұтынушылырдың құқықтарын қорғау саласындағы қызмет» тақырыбында баспасөз брифингі өтті. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Оспан Әбиев атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндады.
Шымкент қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті 5 базалық табиғи монополия субьектісінің қызметін реттейді. Қазіргі таңда 5 ірі табиғи монополия субъектісінің («Су құбыры және канализация» МКК, «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС, «3-Энергоорталық» АҚ, «Қуатжылуорталық-3» МКК, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ШӨФ) заң талабына сәйкес, 5 жылдық тарифтері бекітілген.…
Шымкент қалалық өзбек драма театры өз көрермендерін жаңа қойылымдарымен қуантып келеді. Мереке қарсаңында театрда Қанат Жүнісовтың «Сыныптастар» қойылымының премьерасы өтті. Комедия жанрында сахналанған қойылымның желісі - мектеп өмірінің кіршіксіз сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдерді суреттейді.

115 отбасы баспаналы болды

Среда, 20 Март 2024 05:14 Автор
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «2-10-20»,«5-10-20» мемлекеттік бағдарламалары аясында тұрғын үй кезегіндегі 115 отбасы несиелік пәтерге қоныстанды.
Аппарат мәжілісіне қатысушылар 18 наурыз – Ұлттық киім кию күніне орай, ұлттық нақышта киініп келді. Мерекелік көңіл күй сипат алған жиында тұрғын үйлердегі жеделсатыларды жаңғырту және күтіп ұстау, сондай-ақ электр қуатына қатысты мәселелері көтерілді.
Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы өтті. Сессияда бірқатар мәселе қаралып, барлығы депутаттар тарапынан қолдау тапты. Сессияға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.