Дiни ахуал тұрақты

Понедельник, 12 Октябрь 2015 11:28 Автор  Опубликовано в Дін Прочитано 5475 раз
 oko503318 қазан – Рухани келісім күні. Осыған орай, Шымкентте ел аумағында алғаш болып футболдан конфессияаралық турнир ұйымдастырылатын болады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ОҚО филиалында өткен брифингте облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКК директоры Нұржан Тұрсынбай мәлімдеді.
 
Аталған жарыс 10 қазан күні Б.Саттарханов атындағы мектептің футбол алаңында ұйымдастырылады. Облыста 11 конфессияға кіретін 60 діни бірлестіктер арасынан  достық кездесуге жеті команда қатыспақ.

Брифингте тоғыз айдың қорытындысын баяндаған мекеме директоры облыста діни ахуалдың тұрақты екенін айтты. Бұл бағытта өңірімізде барлық жоғары, арнаулы орта және жалпы орта оқу ордаларында 9 айда 368 кездесу өтсе, дін саласындағы ақпараттық-насихаттық топтар мен мемлекеттік органдар қызметкерлеріне арналған 45 семинар-кеңестер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, діни тұрақтылық пен кереғар ағымдардан сақтау мақсатында 28 мың дана әдістемелік-нұсқаулар жарық көрсе, теріс бағыттағы үгіт-насихаттың алдын алу мақсатында 15 тақырыпта бейне-роликтер және 5 тақырыпта фильмдер жарық көрді. Ал, жасөспірімдерге арналған 10 минуттық анимациялық фильм дайындалуда.  
 
Жеңісбек СЕРІКҰЛЫ
Последнее изменение Понедельник, 12 Октябрь 2015 11:31
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Имам ағзам Әбу Ханифа Сауап па? Күнә ма? »