Құран жаттаушы қыздарға – жаңа ғимарат

Пятница, 26 Август 2016 10:29 Автор  Опубликовано в Дін Прочитано 6704 раз

Шымкентте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Ықылас» қарилар дайындау орталығының қыздар бөлімінің ғимараты ашылды. Сәулеті көз тартатын имандылық үйінде нәзікжандарға барлық жағдай жасалған.

 SAM 758

Ғимараттың ресми ашылу рәсіміне найб мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, Ғұламалар кеңесінің мүшесі Әбсаттар Сманов және т.б. мәртебелі қонақтар қатысып, құттықтау сөз сөйледі. 

«Ықылас» қарилар дайындау орталығы құрылысы үш қабаттан тұрады. Сыйымдылығы 120 орынға арналған. Онда сынып бөлмелері, жатақхана, асхана, дәретхана, шағын спорт залы, конференция өткізу залы мен намазхана залдары орналасқан. Мұнымен қатар, қыздардың қосымша үйірмеге қатысуы үшін тігін цех бөлмелері жұмыс істейді. 

Қарилар дайындау орталығында 2016-2017 оқу жылына шәкірттерді қабылдау емтихаты да өтті. Жалпы, аталмыш оқу ордасына 180 талапкер құжат өткізіп, нәтижесінде ерлер бөліміне 25 ер-бала, жаңадан ашылған қыздар бөліміне 71 қыз-бала шәкірт атанып отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.