×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Жас қарилар сынға түсті Избранное

Среда, 12 Апрель 2017 06:05 Автор  Опубликовано в Дін Прочитано 7280 раз

Өткен аптаның қасиетті жұма күнінде «Айтбай ата-Ақмешіт» мешітінде Қазақ-стан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен ұстаз, имам Али-Айдар Төлжанұлының құрметіне облыстық Құран жарысы ұйымдастырылды.

qala 28

Шараға өңірдегі 6 мен 20 жас аралығындағы 170-ке тарта үміткер қатысты. Өңірдегі медреселер мен мешіттердегі діни сауат ашып жүрген шәкірттер қасиетті Құран сүрелерін жатқа, мазмұнын бұзбай айтуға тырысты.

Әділ қазылар құрамына Мысыр Араб Республикасының Әл-Азһар университетінің ұстаздары Махмуд Мұхаммед Абдул Жаввад, Ниғматулла Ауад, Түркиядан келген ұстаз Осман Өсташ, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстазы Камалжан Садықов, «Шымкент» медресе колледжінің ұстазы Марибжан Ахметов, «Сарыағаш» медресе колледжінің ұстазы Бақытжан Жақипов енді. Сондай-ақ, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, дінтанушы Ерсін Әміре шараға арнайы қатысып, жас қарилер үшін қасиетті Құран жаттау және оның жолдары туралы тәлімдік уағыз айтты. 

– Құран – Алланың сөзі. Ал оны жаттап өскен жастың жаман әдеттен аулақ болатыны анық. Шүкіршілік, қазір дәл осы іске амал етушілердің қатары көбейіп келеді. Бұл игі шара соның бірден-бір айғағы. Бүгінгідей сайыстар өскелең ұрпақтың Құран оқуға деген құлшынысын арттырады. Сондықтан, бұл дәстүр алдағы уақытта өз жалғасын табады, – деді өңірдің бас имамы Ахметжан қажы Керімбек. Сонымен, бес пара бойынша Исламнұр Сержанұлы жеңімпаз деп танылса, Айдын Мақан екінші, Мұхамбет Ығылман үшінші жүлделі орындарға ие болды.

Жарысқа қатысушы қарилар марапатталып, оларға қаржылай және заттай сый-сыяпаттар табыс етілді.