Құрбан айт-қайырымдылық пен мейірімділік мерекесі. Бұл күндері әркім жақсылық жасауға, айналасындағыларға қуаныш сыйлауға, мұқтаждарға көмек көрсетуге тырысады.
Біздің елімізде бұл жарқын мереке әр түрлі этностар мен діни сенім өкілдері арасындағы өзара сыйластық, достық пен бірліктің бірегей дәстүрлерін сақтауға және нығайтуға ықпал етеді.
Шымкентте мәдени және рухани дәстүрлерді дамытуға және ұлтаралық келісімді нығайтуға үлес қосатын ондаған ұлт өкілдері татулық пен келісімді ту етіп өмір сүріп келеді.
Бұл қасиетті мереке Қазақстан халқының бірлігін, түрлі этностар мен конфессиялар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етуде.
Құрбан айт адамдарды кеңпейілділік пен қайырымдылыққа тәрбиелеп, ізгілікке жетелейді.
Осы айтулы мерекеде отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, тыныштық және өркендеу тілеймін!
Сіздердің жүректеріңізде мейірімділік пен қайырымдылыққа әрқашан орын болсын!
Ерлан.АЙТАХАНОВ,
Шымкент қаласының әкімі
Ғани ТАШҚАРАЕВ,
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы