Жекпе-жекте жеңіске жетті

Среда, 17 Март 2021 04:50

Үшінші мегаполисте «Nur Otan» партиясы мен «Qazaqstan ardagerleri» қауымдастығының қолдауымен «Қазақстан Республикасының «Унибой» әмбебап жекпе-жек федерациясы» РҚБ ұйымдастырған әмбебап жекпе-жектен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.

308

Үшінші мегаполистегі тұрақты жұмысы бар жастардың екінші легі баспаналы болды. Бұл жолы сатып алу құқығынсыз бес жыл мерзімге жалға берілетін пәтерге 300 жастың қолы жетіп отыр. Яғни, Әз-Наурыз мерекесінде осыншама отбасы қоныс тойын тойлайды деген сөз.

331

Шымкентте жуырда SilkWay халықаралық университетінің базасында орналасқан «Smart Hub» орталығы өзінің «Ақылды күнбағыс» жобасын іске қосқан болатын. Жаңалығы көп орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, оның IT өндірістің алға ілгерілеуіне тигізер әсері жөнінде осы орталық жетекшісі, университеттің цифрландыру жөніндегі проректоры Нұрлыбек Жұматаевпен сұхбаттасудың сәті түсті.

305

Шымкенттегі «Хакім Абай» музейінде белгілі абайтанушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әліпханның «Адамгершілік ілімі және Хакім Абай» атты кітабының тұсаукесері өтті.

220

Әр минут – мүмкіндік

Пятница, 12 Март 2021 03:44

Орталықтағы үйірмеге 4 мыңнан астам жас қатысады

 

«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің жұмысы артық». Уақытты ұтымды да тиімді пайдалануды қаншама жыл бұрын бабаларымыз пайымдай білген. Ал, арамызда «мен біраз нәрсені жасағым келеді, бірақ уақыт аз» дейтіндер де табылады. Уақытты тиімді пайдалану – бүгінгі күні жетістікке жетудің бірден бір жолы. Бұл жолы тәуліктің әр минутын дұрыс жоспарлайтындар жайында сөз қозғамақпыз.

221

Шымшаһар боксшысы Испаниядағы халықаралық турнирдің чемпионы атанды. Кастельоне қаласында өткен Boxam халықаралық турнирінің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар екі медаль жеңіп алды.

218

41-okushy

Шымкентте Елбасы медалі бағдарламасының екінші кезеңінде спорт, дарындылық пен дағдыны дамыту, кітап оқу, волонтерлік, ұлттық мұра, туристік және жұмыс тәжірибесі бойынша жетістікке жеткен жастар марапатталды.

«Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткен салтанатты жиында Шымкент қаласының бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «Елбасы медалі» жобасының барлық шарттарын сәтті орындаған оқушыларды онлайн құттықтады.

— Атаулы жобаның мақсаты – дарынды ұл-қыздарды қолдау, жауапкершілік пен табандылық сезімін дамыту, оларды мақсат қоюға және сол мақсаттарына жетуге баулу. Бұл марапат сіздердің жетістіктеріңіз бастауы болады деп ойлаймын. Бағдарламаға қатысу арқылы жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді. Баршаңызға шығармашылық табыстар тілеймін, - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Ал үздік деп танылған 41 оқушыға Елбасының марапатын Білім басқармасының басшысы Ж. Тәжиева мен «Дарын» орталығының директоры Р. Джеренова табыстады. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «El Umiti» бастамасы аясында ұйымдастырылған жобада қала бойынша жалпы 131 озат оқушыны марапаттау жоспарланған.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында қала әкімі Мұрат Әйтенов алғашқы 10 оқушыны аталған медальмен марапаттаған болатын.

Аталған бағдарламаның негізгі символы - жетістіктің 7 жебесіне баланған. Ол жасөспірімдердің қабілетін дамытуға, жас қазақстандықтардың рухын биік ұстауға, жаңа ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған.

transpotologia

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан үшінші мегаполисті еліміздегі трансплантология орталығына айналдыру жолында үлкен қадам жасалғанын мәлім етті.

–Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің ұсынысымен, осы бағытта халықаралық конференция өткіздік. Оған Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстаннан мамандар қатысты. Мықты мамандармен меморандум жасадық. Атақты Склифосовский атындағы жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институты меңгерген ота түрлерін бізге үйрететін болды.

Біздің №1 қалалық клиникалық аурухана ендігі жерде Қазақстанда жасалатын трансплантацияның басым бөлігін жасап жатса таңғалмаңыз.

Адам өз мүшелерін көліктің бөлшектері сияқты ауыстырып жүре беретін ғылыми фантастикалық болашақ алыс емес. Егер сол рас болса, Шымкент көш бастайды», - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Страница 2 из 37