Жел сөзге емес, ресми ақпаратқа сеніңіз
Среда, 24 Январь 2024 05:08Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Еркін Отарғалымұлы сейсмикалық жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша баспасөз брифингін өткізді. Еркін Отарғалымұлы Шымкентте жағдай тұрақты екенін мәлімдеп, ықтимал жағдайға байланысты дайындық шараларынан хабардар етті.
БҰЗЫЛҒАН МЕШІТ ЕМЕС, ҚОСЫМША ҒИМАРАТ...
Среда, 24 Январь 2024 05:01Әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы көне мешіт ғимаратының бұзылып жатқаны туралы видео тараған болатын. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешітінде (Жәми) болып, жағдайдың анық-қанығын тексерді. Жауапты басшылар, дін өкілдері БАҚ өкілдеріне бұл тарихи нысан емес, қосымша ғимарат екенін айтып берді.
БІРІККЕН ЖҮЗ БЫТЫРАҢҚЫ МЫҢДЫ АЛАДЫ
Среда, 24 Январь 2024 04:57«Шымкент қаласындағы «Достық» үйін көпшілік біледі. Сондағы 800 адамдық үлкен залға мазмұнды фильмдер, түрлі қойылымдар қойып, этнос жастарының басын қоссақ. Жастар өздерінің ой-пікірлерін, ұсыныстарын айтатын басқосулар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырсақ, қолдайсыздар ма?». Таяуда ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан бастаған топ мүшелері қаланың этнос жастарымен кездесіп, ой-пікірлерін тыңдаған болатын. М.Әуезов атындағы ОҚУ-да өткен басқоуда Ғалымжан Жайықбайұлы жастарға қарата осындай ой тастады.
«ШЫМКЕНТТІҢ ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ АСТАНА АТАНУҒА МҮМКІНДІГІ БАР»
Пятница, 19 Январь 2024 04:16Шымкент – туристерге қолайлы шаһар. Өткен жылы қалаға 300 мыңнан астам турист келген. Оның ішінде шет мемлекеттерден келушілердің де қатары артқан. Қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Нұрымбетовтың айтуынша, 2024 жылы қаланың туристік әлеуетін арттыруда тың жобалар қолға алынады. Тарихи орындарға баратын инфрақұрылымдық жолдар жақсартылып, жаңа маршруттар ашылады. Шаһардың гастрономиялық бағытын жандандыруда да маңызды жұмыстардың қатырында тұр. Тарқатып айтсақ...
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Пятница, 19 Январь 2024 04:12ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар жетекшілерімен кездесті. Іс-шараны қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев жүргізіп отырды.
ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ЖОЛДАМА ҚОРЖЫНДА
Среда, 17 Январь 2024 05:12Индонезияның Джакарта қаласында нысана көздеуден лицензиялық Азия чемпионаты өтуде. Бұл сында отандық спортшылар Олимпиада жолдамаларына ие болды.
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Среда, 17 Январь 2024 05:09Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар жетекшілерімен кездесті. Іс-шараны қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев ашып, жүргізіп отырды.
ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Среда, 17 Январь 2024 04:58Шымкент қаласында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев атындағы жаңа мектептің лентасы қиылып, бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Жаңа білім нысанының салтанатты ашылу рәсіміне қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева, Қонаев атындағы халықаралық қордың вице-президенті Шатырхан Керімбеков, ардагерлер, белсенді азаматтар қатысты.