Үздіктерді марапаттады Избранное

Среда, 16 Август 2017 04:46 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3929 раз

Халықаралық Спорт күні қарсаңында Шымкент қаласындағы №7 мектеп лицейінде еліміздің байрағын байрақты бәсекеде желбіретіп жүрген спортшыларды, сондай-ақ жылдың үздік спорт саласының қызметкерлері мен спортшыларын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

marapattau

Шара барысында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары Намазбай Әбдіқұлов спортшыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Олардың қатарында каратэден Жапонияда өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Алматы қаласында өткен Орталық Азия біріншілігінің жеңімпазы, Шымкент қаласының №11 шығыс жекпе-жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы, спорт шебері Әсел Қанай да бар.

– Еңбегімізді елеп-ескеріп, спорт күнімен құттықтап жатқан басшыларға және №11 мектеп жаттықтырушыларына рахмет. Алда қазан айында Испанияда өтетін Әлем чемпионатында да жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз, – дейді Ә.Қанай.

Сапарғали ҚАНАТ

2015 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «J-Group Production» аутсорсинг компаниясында журналист, сценарист, «Білім-Инновация» ХҚҚ-на қарасты «Сана» журналында журналист болып еңбек еткен. 2017 жылдың қаңтарынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.