ОҚО боксшылары – жеңімпаз! Избранное

Среда, 06 Декабрь 2017 06:46 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3973 раз

Бокста бәсіміз биік болып тұр. Нұрлан Айтуаров жетекшілік ететін ОҚО боксшылары жанкүйерлерін тағы қуантты. Бұл жолы күрзі жұдырықты жігіттер Конфедерация кубогы бәсекесінің жеңімпазы атанды.

ad370c2d4de7

Алматыда «Конфедерация Кубогы-2017» жарысы мәресіне жетті. 2-3 желтоқсан күндері Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде грек-рим күресі, еркін күрес, таэквондо, дзюдо, бокс жəне қазақ күресі спорт түрлерінен ең үздік командалар анықталды.

Таяуда ғана Қазақстан чемпионатында үздік шыққан облыс боксшылары сенімді ақтады. Жерлестеріміз финалда Маңғыстау командасын 7:3 есебімен жеңді. Бұл сында Шалқар Айқынбай, Сәкен Бибосынов, Бекдәулет Ибрагимов, Бекзат Халметов, Бек Нұрмағанбет, Мұхамеджан Еркін және Нұржан Бекзатов сынды боксшылар қарсыластарынан басым түсті. Сөйтіп ОҚО боксшылары 25 млн теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. 

 

– Біздің құрамадағы жігіттердің дені – жастар. 5-уі халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қалғандары спорт шеберлері. 25 миллион теңгені өңірдегі боксты дамытуға жұмсаймыз, – дейді ОҚО құрамасының аға бапкері Нұрлан Айтуаров. 

Оңтүстікқазақстандық боксшылар соңғы рет 2015 жылы Бокс федерациясы кубогының жеңімпазы атанған еді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.