2019 жылғы ел чемпионаты Шымкентте өтеді

Пятница, 11 Январь 2019 05:16 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3877 раз

Қуанышты хабар – Шымкентте күрес түрлерінен кезекті ел чемпионаты өтеді деп жоспарланып отыр. Рио ойындарынан кейін 2017 жылы да ел чемпионатын Шымкент қабылдаған еді. Жаңа олимпиадалық цикл Шымқаладан бастау алған.

rtx6grcp

2018 жыл. Алдымызда – Азия ойындары мен әлем чемпионаты. Жылдың басты бәсекесі алдындағы ел чемпионаты бізге сеніп тапсырылды. Қалалық №10 спорт мектебінің шәкірті Мейіржан Шермаханбет (67 келі) грек-рим күресінен ел чемпионы атанып, одан әрі әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болған-тын.
2019 жыл табалдырықтан кірісімен тағы бір қуанышты хабарды естіп отырмыз. Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы өкілдерінің айтуынша, биылғы ел чемпионаты 7-10 ақпан аралығында Шымкентте өтедi деп жоспарланып отыр.
Тағы бір айта кетерлігі, бүгінде шаһарда грек-рим күресінен ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиындары өтуде.
Шымкент бозкілемі дарындыларды таныта берер. Қоңыр күзде Астанада әлем чемпионаты өтетіні мәлім. Осынау маңызды сәттегі ел чемпионаты тағы да Шымқала төрінде ұйымдастырылмақ.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.