Шымкентте «S-BIKE» веломарафоны өтті. Үшінші мегаполисте алғаш рет өткен ауқымды іс-шараны қалалық Жастар ресурстық орталығы, Shymkent Bike, Шымкент велоқауымдастығы және Шымкент велоспорт федерациясы ұйымдастырды.
Қала тұрғындары мен қонақтары қатысқан шараға жалпы саны 150 азамат белсенді атсалысты. Наурыз алаңынан басталған велошеруге қатысушылар Көлкент ата көліне дейінгі 35 шақырым жерді велосипедпен жүріп өтті.
Велошеруді құқық қорғау және жедел жәрдем қызметінің өкілдері бақылап жүрді. Көлкент ата көлінің бойында тынығып, жексенбіні сәтті өткізген қатысушылардың барлығына арнайы марапаттар табысталып, жүлдегерлерге қаржылай сыйақы берілді.
А.СӘДУӘЛІ