Желмен жарысқан жүйріктер Избранное

Среда, 02 Октябрь 2019 05:43 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3805 раз

Шымкентте 3000-нан астам адам бұқаралық спортты насихаттады

Шымкент – саламатты өмір салтына бет түзеген шаһар. Қыркүйектің соңғы жексенбісінде «Shymkent Marathon - 2019» бұқаралық жүгіру жарысы өтті. Бұл жолғы сайыстың жөні бөлек. Дәстүрге айналған марафонға еліміздің барлық өңірінен, шетелдерден үміткерлер келіп, бақ сынады.

 DSC3086

Жалпы, 3000-нан астам қатысушы 5, 10, 21 және 42 шақырымға жүгірді. Қала әкімі Ерлан Айтаханов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев та бұқаралық спортты насихаттап, марафоншылармен бірге жүгіргенін айта кеткен жөн.

Royal club спорт кешенінің алдынан басталған сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Наурыз алаңында анықталды. Қала әкімі Ерлан Қуанышұлы және мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев қатысушыларды құттықтап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.

– Шымкент қаласында дәстүрге айналған марафонның ауқымы кеңейіп келеді. Жастардың көптігі қуантады. Аға буын да атсалысып, үлгі көрсетуде. Келесі жылы қала тұрғындарының бұқаралық спортпен қамтылуы 30 пайызға жетпек, – деді қала әкімі.

 DSC3505

Іс-шара барысында ойын-сауық және концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.
Айта кетсек, мұндай кең ауқымды бұқаралық марафон қалада 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бүгінде жүгіру сайысына қатысуға елімізден бөлек, ТМД және шетелдерден де келушілер жетерлік.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.