Версия для печати

Ұрпақ рухын ояту – спортпен байланысты

Среда, 23 Сентябрь 2020 04:15 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 22250 раз
Оцените материал
(0 голосов)

1

Шымкент қаласындағы №103 орта мектепте бірнеше спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Заманауи талаптарға сай келетін волейбол, футбол алаңдары жазғы ойындар үшін өте ыңғайлы. Спорт алаңшаларын салуға мектеп ұжымы қалалық білім басқармасы тарапынан бөлінген қаржыны тиімді пайдалану арқылы жол тапқан.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне басымдық беру керек» деген болатын. №103 мектеп ұжымы Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға білек сыбана кіріскен. Соданда болса керек, денешынықтыру сабағының талапқа сай өтуіне барынша көңіл бөлініп отыр. Спорт алаңшаларының құрылысын жүргізген «Ферротекс» ЖШС-ның мамандары жұмыстың сапасына мән бергені қуантады. Мектеп ауласындағы спорт кешеніне ендігі жерде төңіректегі ауыл балалары кез-келген уақытта келіп спортпен айналысуына мүмкіндік туып отыр. Бұл үлкен жетістік. Өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыруына мұрындық болған мектеп басшылығына ата-аналар мен оқушылар дән риза.
Айта кету керек бұл мектепте 1864 оқушы бар. Оның 135-і мектеп алды даярлық бөлімінде оқиды. Бүгінгі таңда қоғамда қалыптасып отырған жағдайға байланысты оқушылар сабақты онлайн оқуда. Қашықтан оқытуға байланысты әрбір баланың компьютермен, ноутбугпен қамтылуына аса мән берген мектеп басшылығы, керек құралы жоқ оқушыларды қолдауға дер кезінде әрекет ете білді. Соданда болар, мектеп ұжымының ұйытқы болуымен бүгінде көпбалалы 120 отбасыға арнайы компьютер, ноутбук берілді. Бұдан бөлек, 135 отбасы балаларына Sim карталары таратылды.
–Білімнің сапасын арттыру үшін алдымен баланың сабақ оқуына жағдай туғызған абзал. Бұл орайда мұғалімдеріміз әр оқушының жағдайын жіті зерттеп, қажеттіліктердің тізімін жасап, оқушыларымыздың қашықтан оқу жүйесінен тыс қалмауына жағдай туғызып отыр. Ұсынысымызды қабыл алған қалалық білім басқармасына айтар алғысымыз көп. Басқарма тарапынан бізге тағы 100 компьютер берілді. Биыл мектебімізге арнайы кабель жүргізіліп, жоғары жылдамдықтағы интернет желісі тартылып отыр. Ендігі кезекте мұғалімдеріміз өз біліктіліктерін шыңдай түсіп, оқушыларымызға сапалы білім нәрін беруіне барлық жағдай жасалды деуге негіз бар, - дейді №103 мектептің директоры Балжан Құртаева.
Жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқу-әдістемелік құралдарын әр сабақта қолдануға тырысатын ұжымдағы ұлағатты ұстаздар аз емес. Солардың бірқатары, мысалы бастауыш сынып мұғалімі Клара Бектаеваның оқушысы Ләйла Әбдірашты бұл күндері республика жұртшылығы жақсы таниды. Өнерімен өрге жүзген жас талант оқушы мектеп мақтанышы. Ұлбосын Тәжібаева, Ақерке Тұңғышбаева, Эльмира Шынтаева, Әселхан Қамшыбекова, Назгүл Сопыбекова, Ляззат Досанова, Дана Қанаева сынды ұстаздарды ата-аналар үнемі үлгі етіп жүргені.
Ынтымағы жарасқан ұжымның алар асуы биік. Бүгінгі оқушы ертең елімізді өркениетке бастайтын білікті маман. Осындай парасатты азаматтарға білім нәрін беріп отырған №103 мектеп сынды білім ордалары көбей бергені абзал.

 

Ж.ШАЛАБАЕВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.