Сабырхан – халықаралық турнирдің чемпионы Избранное

Среда, 10 Март 2021 04:33 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 14161 раз

Шымшаһар боксшысы Испаниядағы халықаралық турнирдің чемпионы атанды. Кастельоне қаласында өткен Boxam халықаралық турнирінің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар екі медаль жеңіп алды.

218

 

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыстың алтын медалін шымкенттік Сабырхан Махмуд жеңіп алды. Финалдық кездесуде ол Испания өкілі Габриэль Эскобармен кездесу өткізді. Жекпе-жек Махмудтың жеңісімен аяқталды. Ал 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Василий Левиттің қарсыласы испаниялық Эммануэль Пла Рейске жол берді. Осылайша қазақстандық турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бұған дейін С.Теміржанов, А.Жүсіпов, Б.Нұрдәулетов және Н.Сапарбай ел командасының активіне төрт қола медаль әкелген болатын.