Жекпе-жекте жеңіске жетті Избранное

Среда, 17 Март 2021 04:50 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 14339 раз

Үшінші мегаполисте «Nur Otan» партиясы мен «Qazaqstan ardagerleri» қауымдастығының қолдауымен «Қазақстан Республикасының «Унибой» әмбебап жекпе-жек федерациясы» РҚБ ұйымдастырған әмбебап жекпе-жектен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.

308

 

Осымен оныншы рет жалауы желбіреген ел біріншілігіне Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар еліміздің әр аймағынан 13 команда, 160 спортшы қатысты. Оның ішінде қалалық №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әмбебап жекпе-жек бөлімінен 40 спортшы бақ сынады.
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сайыста жалпы командалық есепте Алматы қаласының спортшылары жеңімпаз атанды. Үздік өнер көрсеткен Қызылорда қаласының құрама командасы екінші орынға ие болды. Ал үшінші орын үшінші мегаполис саңлақтарына бұйырды.
Ердің ерлігі сыналатын сайысты тамашалаған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жарыстың ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, «ҚР «Унибой» әмбебап жекпе-жек федерациясы» РҚБ президенті Бақытбек Смағұл,
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары
Мұратәлі Қалмұратов сайыстың мән-маңызына тоқталып, ізгі лебіздерін білдірді.

Қоржында – 16 медаль

Үшінші мегаполисте жастардың V спорттық ойындары жалғасуда. Көркем гимнастикадан сайысқа түскен спортшылар өзара мықтыны анықтады. Жалпы командалық есепте Шымкент қаласының құрама командасы екінші орынды иеленді.

309

Шымшаһар спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, қоржынға 16 медаль салды. Оның ішінде 4 алтын, 5 күміс және 7 қола медальға ие болды.
Ал жалпы командалық есепте Нұр-Сұлтан қаласының құрама командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Үшінші орын Шығыс Қазақстан облысының құрама командасының еншісінде.
Айта кетейік, респубикалық сайыс 9-15 наурыз аралығында қаладағы көркем гимнастика мектебінде өтті. Жеке бағдарлама мен топтық жаттығуларға 300 спортшы қатысты.

Мергендер топ жарды

Шымкенттік спортшы мергендер ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының V жастар спорт ойындарының жеңімпазы атанды. Әр төрт жыл сайын өтетін дәстүрлі бұл сайыс биыл 7-14 наурыз аралығында өтті.

310

Шымкенттік мергендер оқ атудан жалпы командалық есепте 39 медальға ие болды. Оның ішінде 19 алтын, 12 күміс және 8 қола бар.
Жарысқа 2001 жылы туған және одан жас спортшылар қатысты. Екінші орынға 43 медальмен Алматы қаласының құрама командасы жайғасты. Үштікті 1 күміс және 5 қола жүлдесімен елордалық спортшылар қорытындылады.