Версия для печати

Қоржында – үш қола Избранное

Среда, 28 Июль 2021 03:33 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4100 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Бүкіл әлем тағатсыздана күткен төртжылдықтың басты додасы тартысты өтуде. Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарында үш қоламен әзірге 46-шы орындамыз. Қазақстан олимпиадалық құрамасы Токио төріндегі байрақты бәсекеде 27 спорт түрінен бақ сынауда.

532

 

Жарыстың екінші күні Елдос Сметов ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. 60 келі салмақта сынға түскен спортшы кіші финалда Нидерланд өкілі Торнике Цакаджоені жеңді. Елдос «ваззари» ұпайын иеленді.
Осылайша, қазақстандық дзюдошы Токио Олимпиадасының қола медалін жеңіп, бірінші жүлдені ел қоржынына салды.
Ал 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен зілтемірші Игорь Сон Олимпиаданың үшінші күні қола жүлдеге ие болды. Бұл Қазақстан командасы сапындағы екінші жүлде.
Игорь Сон жұлқа көтеруде 131 келіні бағындырса, серпе көтеруде 163 келіні еңсерді. Осылайша, қос сайыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 294 келіні көтерді.
Сайыстың төртінші күні де ел спортшылары үшін жемісті басталды. Ауыр атлетикадан әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Зүлфия Чиншанло қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келіні бағындырып, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Отандасымыз жұлқа көтеруде 90, серпе көтеруде 123 келіні көтерді.
Еліміздің Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметтерге сәйкес, атлеттер дзюдо, теннис, бокс, велоспорт, жүзу, үстел теннисі, спорттық гимнастика, семсерлесу, нысана көздеу, слаломды есу, ауыр атлетика, садақ ату, стенд ату, су добы, таеквондо сынды спорт түрлерінен сайысқа түсті.

533


Жарыстың төртінші күнінің қорытындысына сәйкес, ел қоржынында үш қола бар. Айта кетейік, олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оған 206 ұлттық олимпиадалық комитетінен 11 мың спортшы қатысып жатыр. Айта кетейік, олимпиада ойындарына төрешілік көрсетуге шымкенттік халықаралық дәрежедегі төреші Игорь Лигай аттанды.