Зейнеп пен Аяулым – жеңімпаз! Избранное

Пятница, 30 Июль 2021 04:18 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4817 раз

Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаздары анықталды. Чемпионатта шымкенттік Зейнеп Сұлтанбек (18 жасқа дейінгі қыздар арасында) пен Аяулым Қалдарова (14 жасқа дейінгі қыздар арасында) I орынды жеңіп алды.

608

 

Қала әкімі Мұрат Әйтенов ел чемпионатында үздік шыққан жас шахматшыларды арнайы қабылдап, қаржылай жүлдемен марапаттады.
–Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қаламызда жасөспірімдер арасында республикалық деңгейдегі шахмат турнирі бірінші рет өткізілді. Осы онкүндікте балалар мол тәжірбие жинап, жаңа орта қалыптастырды деп ойлаймын. Қаламызда шахматтың қарқынды дамуына барлық мүмкіндіктер бар. Қала мектептерінде шахмат арнайы пән ретінде енгізілді. Оқушылар арасында шахмат турнирі үшінші мәрте өткізіліп отыр. Сіздердің талаптарыңыздың арқасында көптеген жастарымыз жігерленеді. Алдағы уақытта әлем біріншіліктерінде үздік болатындарыңызға сенемін, - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ануар Исмағамбетов күрделі кезеңде аса жоғары жауапкершілікпен ел біріншілігінің өтуіне қолдау көрсеткені үшін қала әкіміне алғысын білдірді.
Енді іріктеуден сүрінбей өткен жасөспірімдер еліміздің намысын әлем және Азия чемпионатында қорғайтын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Қоржында – үш қола Бес жүлде олжалады »