Мейіржан – күміс жүлдегер Избранное

Среда, 15 Июнь 2022 04:45 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3403 раз

Таяуда Алматыда күрес түрлерінен Болат Тұрлыханов кубогі рейтингілік турнир өткен-ді. Бұл сында әлемнің үздік құрамалары қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Биыл Ұлан-Батырда Азия чемпионы атанған Мейіржан Шермаханбет бұл жолы 72 келіге дейінгі салмақта белдесіп, жанкүйерлерін тағы қуантты.

5

 

Тәжірибелі балуан екінші айналымда Токио Олимпиадасының жеңімпазы, Әлем және Азия чемпионы Мұхаммед Реза Гераеиды жеңді. Екеуі тағы финалда кездесуі керек еді. Алайда отандасымыз жарақатына байланысты күрескен жоқ. Сөйтіп, жерлесіміз турнирдің күміс жүлдесіне ие болды.
Жалпы екі балуан осымен 4-рет бозкілемде күш сынасты. Мейіржан осы жекпе-жектің бәрінде ирандық қарсыласынан басым түсті. Алдыңғы 3 кездесу 2018 жылы болған. Мейіржан әуелі Ирандағы Тахти Кубогында, сосын Мажарстандағы Гран-приде және Будапешттегі Әлем чемпионатының ширек финалында 9:0 есебімен айласын асырған.
Сонымен қатар, турнирде Азия чемпионы Әлімхан Сыздықов (130 келі) 5 орынға иелік етті.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.

Другие материалы в этой категории: « ҚАЗАҚ КҮРЕСІ ТӨРГЕ ОЗҒАН КҮН Тұңғыш жүлдегер »