11 ҚАТЫСУШЫНЫ АЙҚЫН ЖЕҢДІ Избранное

Среда, 20 Июль 2022 04:09 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1265 раз

20 шілде – Халықаралық шахмат күні. Шымкентте атаулы күнге орай Visit Shymkent орталығы туристік индустрия өкілдерінің басын қосып шахматтан Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш гроссмейстер Гүлісхан Нахбаевамен бірсеанстық шахмат ойнау шарасы ұйымдастырылды.

152

 

«Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыру және дамыту мақсатында ұйымдастырылған интеллектуалдық сайысқа 12 адам қатысты.Олардың арасында спорт шеберлігіне үміткерлер де, әуесқой ойыншылар да болды. Үш сағаттан аса жалғасқан ақыл-ой мен шеберлік тартысында гроссмейстер 11 қатысушыны айқын жеңіп, 1 ойыншымен тең ойнады. Қатысушыларға орталық атынан алғыс хаттар табысталды.
–Мемлекет басшысы шахматты интеллектуалды ойындардың ең озық түрлерінің бірі деп атап өтіп, бұл салаға қолдау білдіргеніне қуаныштымын. Қала мектептерінде шахмат арнайы пән ретінде енгізіліп, насихаттау-үйрету шаралары жүзеге асырылуда. Бұл игілікті іс жалғаса беретініне сенімдімін. Қазір біздің қыздар командасы Үндістанда өтетін халықаралық турнирге әзірлік үстінде. 180 елдің шеберлері бақ сынайтын алаңда туымыз жеңіспен желбірейтініне сенімдіміз», - деп ой бөлісті Гүлісхан Нахбаева.
Visit Shymkent орталығының бастамасымен өткен шараға жалпы саны 15-ке жуық туристік индустрия (қонақ үйлер, туроператорлар, турагенттер және гид-экскурсовод) өкілдері қатысты. Қазіргі таңда үшінші мегаполистің туристік әлеуетін арттыру үшін 37 мыңдай адам қызмет етуде.

Б.ӘБДІОРАЗ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Мақсат мақсатына жетті АЗАМАТ РЕКОРД ЖАҢАРТТЫ »