Шынықсаң шымыр боласың Избранное

Среда, 31 Август 2022 08:14 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1593 раз

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Fitness park kz» жобасы іске қосылды. Жас өрендердің уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтына бейімдеу үшін спорттың барлық түрімен айналысуға мүмкіндік бар.

21

 

«Fitness park kz» жобасы асында қала тұрғындары спорт түрлерімен жаттыға алады. Сондай-ақ, барлық спорт түріне тегін қатысуға мүмкіндік береді. Аталмыш жоба қазан айының соңына дейін жалғасады.
Спорттық жоба қаланың төрт саябағында өтуде. Олар – Металлург, Орталық, Жеңіс және дендросаябағы. Оқытуды білікті нұсқаушылар мен жаттықтырушылар жүргізеді. Жастарға қолайлы болу үшін барлық жағдай қарастырылған.
Аталмыш жоба жастардың денсаулығының мықты, жігерлі болуына септігін тигізеді. Жаттықтырушылармен бірге болған жастар тұрақты сабақтан кейін алғашқы нәтижелерді сезініп, спортпен айналысуын жалғастырады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.