Көгілдір отынның игілігі – әр отбасына
Пятница, 10 Июнь 2022 04:45Шымкентте табиғи газ тапшылығы мәселесі түпкілікті шешілмек. Жауапты мамандар осылай дейді. Қала әкімі Мұрат Әйтенов те өткен жылды қорытындылап, халық алдында берген есебінде осы мәселенің шешіміне тоқталды. Әкімнің айтуынша, қала тұрғындарын газбен қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда.
1 шілдеден бастап үйді басқару пәтер иелеріне өтеді
Пятница, 10 Июнь 2022 04:35Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов аудандағы көп қабатты үй комитеттерінің төрағаларымен, тұрғындармен жүздесті. Күн тәртібіндегі жалғыз тақырып – көп қабатты үйлерді жаңа басқару түріне өткізу.
Ардагерлер тәрбие жұмысына үлес қоспақ
Пятница, 10 Июнь 2022 04:31Германиядағы Кеңес әскерлері тобының ардагерлері Шымкентте бас қосты. Олар Германиямен қоса Польшада әскери борышын өтеген. Ардагерлер Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, кешенмен танысты, өзара әңгіме-дүкен құрды.
ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ – ТАҒЫЛЫМДЫ МҰРА
Среда, 01 Июнь 2022 05:0831 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Шымкент қаласының жұртшылығы боздақтарға тағзым жасады. «Қасірет» мемориалында өткен жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен депутаттар, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
ДОСТЫҚ ПЕН ТУЫСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕП
Среда, 01 Июнь 2022 05:05«Шынайы бауырластыққа негізделген достық пен туыстық дипломатиясы». Шымкентте осындай ұранмен Қазақстан және Өзбекстан делегаттары қатысқан халықаралық конференция өтті.
Халық – биліктің екінші аты
Среда, 01 Июнь 2022 05:02ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров және Айгүл Қапбарова Шымкентте жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулылары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болды.
СУБСИДИЯ СЕП БОЛАДЫ
Среда, 01 Июнь 2022 04:58Елімізде тұрғындарды баспанамен қамту бойынша жұмыстар жан-жақты жүруде. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы бағыттардан бөлек биыл үшінші жыл жастарды жалдамалы пәтермен қамтамасыз ету жүйесі қолға алынған. Ал биылғы жаңалық – халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтардың баспана жалдау ақысының жартысын субсидиялау. Осы тұрғыда Шымкентте қандай жұмыстар атқарылуда? Нәтиже қандай? Бұл туралы қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат ӨТЕБАЕВАМЕН сұхбаттастық.
«ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМШАРТЫ» – ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Пятница, 27 Май 2022 08:22Әлеуметтік сала дегенде ойымызға, ең алдымен, жұмыссыздық мәселесі келетіні белгілі. Жұмыссыздық проблемасы дамушы елдерде ғана емес, дамыған елдерде де өзекті саналады. Себебі, халық санының табиғи өсімі мен азаюы біркелкі жүрмейді, зейнетке шыққан мамандардың орнын лезде алмастыру мүмкін емес. Осы орайда Шымкенттегі жұмыссыздық мәселесі мен онымен күрес қалай жүруде? Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан НАРБЕКОВА айтып берді.