WhatsApp Image 2024-03-28 at 17.15.21

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне Шымкент қаласының тасымалдаушысы заңды тұлға ТТК ЖШС-гі тарапынан Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (әрі – қарай Басқарма) іс әрекетіне қатысты кемшіліктерді көрсете отырып, осы кемшіліктерді жіберген қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау және мемлекеттік қызметті ретке келтіру бойынша өтініштер түсті.

Аталған өтініштер бойынша, Департамент тарапынан Басқармаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, төмендегі мән-жайлар анықталған.

Яғни, тасымалдаушы жолаушыларды тасымалдау саласы бойынша субсидия алу үшін қызмет көрсетуші Басқармаға өтініштермен жүгінген.

Тасымалдаушылар өтініштерінде жолаушыларды тасымалдау бойынша жүргізген жұмыстары бойынша 700 млн. теңгеден астам мөлшерінде субсидия тағайындауды сұраған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңына сәйкес, қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартқан жағдайда, қызметті алушыға қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып жауап жіберуге міндетті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығының

9-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер көрсетілген.

Алайда, Басқарма әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асыру мемлекеттік көрсетілетін қызмет талаптарын сақтамай, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқан.

Тексеру нәтижесімен Департамент тарапынан Басқармаға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету барысында кемшіліктерді жіберген қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау және мемлекеттік қызметті ретке келтіру бойынша ұсынымдар берілді.

Осы ретте, Қала тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету сапасы Департаменттің басты назарында екендігін жеткізе отырып, Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша Департаментке Telegram қосымшасы арқылы (сілтеме: https://t.me/onaykyzmet_shymkent) жүгіне алатынын мәлімдейміз.

aliment

Бала жауапкершілігі - ата-ана мойнында. Алайда баланы өмірге әкелгенмен әртүрлі себептермен ажырасқан ата-аналардың ортақ бала үшін жасайтын қамқорлықтан жалтаруы жан ауыртады. Ересек адам ретінде өз жауапкершілігін сезініп, кейін өз баласының алдында кібіртіктемеуі үшін заңмен бекітілген алиментті өз еркімен, өз қалауымен төлейтін азаматтар аз емес. Керісінше, ажырасқан отбасын әуре-сараңға салып, іздетіп, жұмыс орнын жасырып дегендей әбігерге салатын әкелер де көп кездеседі.

Алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттардың орындалмауына борышкердің тұрақты кірісінің және өндіріліп алынуы мүмкін мүлкінің жоқ болуы, сондай-ақ жұмыс орындарының жетіспеушілігі әсер етеді. Әсіріесе борышкерлердің жаңа мекен-жайларын қалдырмай, басқа өңірлерге уақытша тіркеусіз жұмыс істеп немесе кәсіп іздеп кетуі көп кездеседі. Сонымен қатар азғындық өмір салтын жүргізетін, тұрақты жұмысқа орналасқысы келмейтін, алкогольді асыра пайдаланатын борышкерлер де қарызды өндіру ісіне кедергі келтіреді.

Борышкерлерді заңға сай тәртіптік жазаға ұсыну - өз міндетін жалтарғандарға ой салудың, бала-шағасы алдындағы парызын ұғындурудың бір жолы болмақ. Бұл тұрғыда борышкерді әкімшілік, қылмыстық жауапкершіліке, жүргізу куәліктеріне уақытша тоқтату сондай-ақ, ел аумағынан шығуына шектеу қойылған.

Өз отбасы алдында борышкерлердің әлеуметтік жағдайы әртүрлі болатыны белгілі. Сондықтан алимент өндіруде оларға мүмкіндікке қарай қолдау да көрсетіледі. Мысалы, өңірде жұмыссыз борышкерге жұмысқа орналасу туралы хабарламамен жұмыспен қамту орталығына жіберіліп, борышкерлер жұмысқа орналастырылды. Азаматтың өзі саналы түрде уақытымен төлеп, бала тағдырына қамқор болмаған соң мәжбүрлі іске асыру бұл істе қиындық туындатады. Алайда әрбір азамат,әрбір бала мемлекет қолдауына ие, бала тағдыры жауапсыз қалмайды. Сондықтан алимент төлеудің қиындықтарын жеңу, өтінім берушінің құқын қорғау – біз үшін басты міндет.

Шымкент қаласының Әділет департаментінің
Жеке сот орындаушыларының ұсыныстары бойынша
әкімшілік тәжірибе бөлімінің сот орындаушысы Қыстау Құрбан

Улы газ!!!

Среда, 27 Март 2024 11:19

Қазіргі таңда улы газбен улану факторлары жиі орын алу да.  Адам өміріне қауіпті  улы газбен уланудың  алдын алу үшін ең бірінші орында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың өзі  аса маңызды.

Улы газбен улану көп жағдайда көмірмен немесе газбен жағылатын пештерді немесе қазандықтарды дұрыс пайдаланбаудан туындайды. Адамға дер кезінде көмек көрсету үшін мұндай уланудың негізгі белгілерінен хабардар болу қажет.

Улы газ иіссіз болатындықтан, тыныс алу ауасының құрамында 0,08% көмірқышқыл газы араласқан кезде адамның басы ауырып, тұншығу белгілері сезіледі. Концентрациясы 1,2% асқанда 2-3 тыныс алудан кейін адам есінен танып, кемінде 3 минуттан кейін өлімге әкеледі.

 

Улы газбен уланудың алдын алу шараларын атап өтетін болсақ:

1.жанып жатқан пештерді қараусыз қалдырмау;

2.пештің сыртына шығатын отынды пайдаланбау;

3.үйде өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін уақытша қолөнер және металл пештерін өз бетінше орнатуға тыйым салынады; 4.Көмірді көп мөлшерде жақпау;

5.Түтіндік және сорғыш құбырларының жұмыс жағдайын әрдайым тексеріп отыру;

6.Газ қондырғыларын орнататын кезде міндетті түрде мамандардың көмегіне жүгіну.

 

Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының
аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Д.Айтмұратов

Сыбайлас жемқорлық!

Среда, 27 Март 2024 11:12

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы.

Мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.

Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы Сыбайлас жемқорлыққа келесі анықтама береді-бұл "...мемлекеттік функцияларды орындайтын адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңда көзделмеген қабылдауы не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы.

Қаратау ауданы Төтенше
жағдайлар басқармасының
бас маманы азаматтық қорғау
подполковнигі Е.Бақторазов

Өрт қауіпсіздік ережелері

Среда, 27 Март 2024 11:08

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Өрт - адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз-жану;

Өрт болған жағдайда, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекен-жайды, ненің қалай жанып жатқанын айтыңыз. Өзіңіздің атыңыз бен нөміріңізді де беріңіз. Ол өрт сөндірушілерді күтіп алып, өрт ошағына жедел апаруға керек. Өрт шыққан аумақтан өту үшін синтетикалық киімдерді шешіп, орнына жүн немесе мақтадан тігілген киім кию керек. Киімдерді сулап, басыңызға ішік, жейде, орамал сынды қалың дымқыл жамылғы жабыңыз. Дәл осылай мұрныңыз бен ауызыңызды да жабу керек. Ол түтіннен уланып қалудың алдын алады; Өрттің алдын алу үшін келесі міндеттермелерді ұйымдастыруыныңыз керек! Өрт бойынша білімдерініңізді дамытыныңыз және де балаларыныңызды өрт бойынша түсінік берініңіз!

Өртті өз күшімен сөндіру көп жағдайларда нәтижесіз болады да уақытты жоғалтуға себеп болады және ол өрттің едәуір өршіп таралуына әкеліп соғады. Өрт шыққан кезде дереу,тез арада «101» немесе «112» ге қоңырау шалу керек. Өрт сөндіргішті қолданып үйреніңіз және оны отбасыңыздың мүшелеріне де көрсетңіз. Себебі, өрт шыққанда оның нұсқаулығын оқып тұруға уақытыңыз болмайды.

 

Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының
инженері азаматтық қорғау лейтенанты Ә.Темірбай

Мемлекет басшысының жарлығымен биылдан бастап Наурыз мерекесінің мәртебесі биіктеп, он күн қатарынан тойланатын болды. Соған байланысты 21 наурыз – Ынтымақ күні деп белгіленген. Біздің Қазақстанымыздың ынтымағы жарасқан бір тудың астында тату-тәтті өмір сүрудеміз.

Менің туған жерім – Қазақстан. Бұл кең-байтақ жерде туғаныма мақтанамын. Қазақстан - мақтануға тұрарлы ел. Мен үшін ынтымағы жарасқан елдің бірі – Қазақстан. Осында неше түрлі ұлт өкілдері тұрады. Бәріміз тату –тәтті өмір сүреміз. Ынтымағымыз бірлікте жатыр. Мұның бәріне Ассамблеяның да үлесі мол. Меңінше, біз өз еліміздің патриоты болып қана қоймай, жеріміздің, еліміздің ынтымағын сақтауымыз керек. Кейбіреулер үшін менің бұл сөзім іште ешқандай із қалдырмаса да, мен елімнің болашағына сенемін.

Біздің мемлекетіміздің болашағы – жастар, халқымыздың ынтымағы солардың қолында. Отаның сүю, өз ана тілін ардақтау – әрбір азаматтың міндеті.

Ата-бабаларымыз өз Отаның жан аялап қорғаған. Олар бізге сенім артады. Біз олардың сенімдерін ақтауға бар күшімізді салуымыз керек.

Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық. Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын бәрі де – қымбат.Қазақстанның болашағы үшін, оның одан әрі дамып, көркейіп, гүлденіп, дамыған 30 елдің қатарына қосылуына, мен де өз үлесімді қосқым келеді. Тәуелсіздікті алған елден күтеріміз аз емес. Қазақстанда тұратын адамдардың бәрін біріктірген – біздің еліміз, тіліміз. Оның дамуы қарқынды жүріп жатыр.

Ынтымағымыздың нығайуына бірден-бір өз күшін салып, өз халқының жағдайын шырылдап жасаған азамат – Елбасы. Біз оны аса қатты құрметтейміз. Елбасымыздың бейбітшілік саясаты арқасында бейбіт елде өмір сүріп келеміз. Адамға одан әрі не керек? Біз өзіміздің болашағымызға сенеміз, елбасымыз біздің бақытты өмір кешуімізге бар күшін салады.

Халқымыз биікте желбіреп тұрған көгілдір тудың аясында бақытты өмір сүреді. Бақытты болуды сезіну – ол да адам сезімінде жай тумайды. Әлеміздің көптеген түпкірлерінде соғыстар, табиғаттың опаттары, өрттер, т.б. жайсыз жағдайларды көргенде қорқынышты ой туады: біздің ел – ең тыныш, ең бақытты ел деп, санаймын. Оны білген, түсінген адам Отанын мақтаныш етеді. Осы ойларымды жалғастыра отырып тағы айтатыным – осы елімізде тұратын қазақстандықтар ұлттары басқа болғанмен, көгілдір шаңырағымыздың астында бірге тіршілік жасап жүргендіктен, таза, мөлдір Қазақстанның ауасын жұтқан, жердің топырағында өскен дәмді нанның иісің татқанның бәрі – осы елдің тілін үйрену керек.

Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі – ең ұлы мен тамаша тіл.. Менің ана тілім – қазақ тілі.Қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Бұл – ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.

Мемлекеттік тілді білмеу дұрыс емес. Отанға деген сүйіспеншілік осы мәселеде анық көрінеді. Басқа ұлттар емес, өз қазақ ұлдары мен қыздары өгей болмай, өз ана тілін қадірлеу мақтан тұту керек.

Қазақ елі – Ұлы дала елі, татулық, ынтымағы жарасқан туған өлке, себебі – барлық ұлттар тату- тәтті өмір сүріп жатыр, кеудемізді мақтанышты сезімге толтырады.Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.

Мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!

Бейбітшілігі жарасқан, көп ұлтты, халығы бар ел, өлке – осының бәрі менің Қазақстаным. Осындай елді жақсы көрмеуге бола ма? Біз еліміздің өткен кезеңдерімен мақтан тұтамыз.

Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештене жоқ. Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік – атамекен болып саналады.

Қазақстан – тәуелсіз ел. Онда жер де, халық та, тіл де, қалалар да, астана да бар. Оларды білу, қастерлеу – біздің азаматтық борышымыз.

Менің елім – Қазақстан! Осынау құдіретті сөзді біздің елдің әрбір азаматы асқақ сезіммен, ерекше мақтанышпен айтуға хақы бар.

 

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының
«№7 үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»
КММ-ң №1 бөлімшенің әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант
Жанар Ағабекқызы Құлназарова

Ең алдымен өрт орын алған жағдайда 101 номеріне хабарласып өрт орын алған жер мен көлемі жайлы ақпарат беріңіз. Аузыңыз бен мұрныңызды мүмкіндігінше ылғалды матамен жабыңыз. Егер өрт ошағы кішкентай болса, өзіңіз өртті барлық қолжетімді өшіруге тырысыңыз. Электр қондырғысы жанған жағдайда оны сумен сөндірмеңіз. Өрт жағдайы туралы көршілерге немесе басқа кабинеттегі қызметкерлерге дереу хабарлаңыз және эвакуациялауды бастаңыз. Электр жабдықтарын өшіріңіз. Мүмкіндік болса, есікті жауып ғимараттан шығыңыз. Үй жайдан тек баспалдақ торы арқылы шығыңыз. Жедел сатыларды төтенше жағдай кезінде пайдалануға тыйым салынады. Егер үй жайдан баспалдық торы арқылы шығу мүмкін болмаса, түтін кіріп кетпес үшін ылғал матамен есікті бекітіп, содан кейін балконға шығып өрт сөндіру қызметінің келгенін күтіңіз. Таза ауа мен жел әсерінен өрт ары қарай өршімеуі үшін терезе мен есікті жабыңыз.

 

 

Қаратау ауданы Төтенше

жағдайлар басқармасының бастығы

азаматтық қорғау подполковнигі                                                     Ж.Аяпов

Жаппай адам жиналатын орындарға ерекше өрт қауіпсіздігі талаптары қойылады. Бір мезгілді 50 адамнан көп адам жиналатын орындар жаппай адам жиналатын орындар ретінде есептеледі. Қоғамда мұндай объектілердің қатарына білім беру мекемелерін, сауда орталықтарын, жатақханаларды, ауруханаларды және хостелдерді жатқызуға болады. Аталған объектілерде алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті қоры, өрт техникалық минимум бағдарламасынын өткен мамандар, автоматтандырылған өртке қарсы жүйенің болуы және ұйым басшысының қаулысымен бекітілген арнайы өрт қауіпсіздігіне жауап беретін тұлғаның болуы қамтамасыз етілуі тиіс. Ғимарат өрт сөндіру техникасының кіруі қамтамасыз ететілетін кіру жолымен қамтамасыз етілуі керек. Ғимарат ішінен қауіпсіз жерге шығу қамтамасыз етілетін эвакуациялық шығу жолы әрдайм жарамды күйде күтіп ұсталып, ашық күйінде тұруы қажет. Эвакуациялық шығу жолдарында әрдайым жанып тұратын «Шығу», «Эвакуациялық шығу» және «Эвакуациялық шығу есігі» белгілерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Ұйым аумағында жанғыш сұйықтықтарды, қорғағаш қабілеті бұзылған электр желілерін пайдалануға және шылым шегуге, есіктер мен терезелерді темір тормен жабдықтауға тыйым салынады.

 

 

Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар

басқармасының инженері азаматтық

қорғау лейтенанты Ә.Темірбай

Страница 17 из 797