Мұғалімдер біліктілігін арттырды

Среда, 15 Сентябрь 2021 04:38

Өткен жұмада Шымкент қалалық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Зайырлылық таным және кереғар діни ағымдар» тақырыбында семинар өтті. Жиынды Шымкент қалалық дін істері басқармасының басшысы Ә.Тұяқбаев жүргізіп отырды.

729

88-ші белеске биіктеген театр

Среда, 15 Сентябрь 2021 04:27

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театр ұжымы жазғы демалысын аяқтап, тамыздың тамылжыған алғашқы күндерінен бастап, жаңа маусымының шымылдығын жаңа леппен ашты. Жаңа маусымнан талабы биік көрерменнің жаңа қойылым күтетіні белгілі. Театр мен Қоғам үндестікте болуы табиғи заңдылық. Себебі, сахнадағы оқиға – қоғам айнасы іспеттес, көрерменнің көкейіндегі сұраққа жауап беретіндей дәрежеде болуы қалыптасқан қағидаға айналған.

720

sibir-jarasy

Сібір жарасы (күйдіргі) – антропозоонозды жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы – бактериялар (Bacillus anthracis) болып табылады. Сібір жарасының қоздырғыштары адам мен жануарлардың ағзасынан тыс жерлерде споралар түзуге қабілетті және олар сыртқы ортаның физикалық-химиялық әсерлеріне өте төзімді, қоршаған ортада жүз жылға дейін сақталады.

Сібір жарасы қалай жұғады? Сібір жарасының адамдарға жұқтырушы көзі  – үй жануарлары (ірі қара мал,  қой, ешкі, түйе, шошқа, жылқы, бұғы) болып табылады. Адамға аурудың жұғу жолы көбіне жанасу арқылы (малды сою мен өңдеу кезінде немесе мал терісін өңдеуде) және бактерияның спораларымен ластанған тағамдар мен ауыз суын ішкенде жұғады. Сонымен қатар, ластанған топырақты егістікте қолдануда жұғуы мүмкін.  Биыл қуаңшылық болуына орай жайылымда шөп тапшы болғандықтан малдар арасында сібір жарасы тіркелуде. Ауру мал және ауру малдың ет өнімімен қатынаста болғандар ауырады. Ауру адамнан адамға жұқпайды.

Сібір жарасының белгілері мен аурудың ағымы: Ауру теріні зақымдайтын және сирек түрде ішкі мүшелерді де зақымдайтын түрде өтеді. Инкубация кезеңінің ұзақтығы терілік түрінде бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, сепсис түрінде 6-8 күнге дейін созылады. Аурудың терілік түрінде қабыршақ (карбункул) айналасындағы қызарған терінің ортасындағы қара дақ, қызыл шоқтың ортасындағы көмір тәрізді көрінеді. Оның айналасында сезімталдық мүлде болмайды. Лимфа түйіндері ұлғаяды. Адамда ауру көп жағдайда терілік түрі болады.

Аурудың сепсис түріне ұласуы (теріден тыс түрі) қоздырғыштың тыныс алу, асқазан-ішек жолдары арқылы енген жағдайында дамиды. Терілік түрінің сепсиске ұласуы сирек кездеседі. Дер кезінде емделмеген жағдайда ауру өлім жағдайымен аяқталады. Аурудың бастапқы кезеңіндегі айтылған белгілер байқалған жағдайда науқас міндетті түрде медициналық көмекке жүгінуі қажет.

Сібір жарасының ең тиімді алдын-алу шарасы — жыл сайын ауруға қарсы егу жүргізу. Ауруға қарсы вакцинацияға ет комбинаттары мен мал сойып, өңдейтін нысандарда, мал шаруашылығында жұмыс істейтіндер, тері-жүн өңдеумен айналысатындар, етті тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, қатысатын адамдар жатады. Сонымен қатар, егумен үй жануарлары да егіледі. Екпе жүргізу ең тиімді әдіс болғандықтан, жануарларды егу керек. Жануарларды егу жұмыстары тегін жүргізіледі. Ет пен ет өнімдерін (соғымнан жілік) тек ветеринарлық дәрігердің берген анықтамасы болғанда ғана алуға болады.

Өлген жануарды тиісті құзырлы мекеме өртеп, жояды. Ауру мал жатқан немесе сойылған орынға басқа жануарларды жіберуге және адамдардың сол жерде жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Дәрігерге дер кезінде қаралғанда және арнайы емдеу шараларын жүргізгенде дерттен толығымен айығып кетуге болады.

Шымкент қаласы СЭБД-нің бөлім басшысы А.Мусаева

ЭЦҚ-ны шетелде де алуға болады

Вторник, 14 Сентябрь 2021 08:03
Бұған дейін шетелде жүрген қазақстандықтарда ЭЦҚ алу мүмкін болмаса, енді елден тыс жерде тұратын отандастарымыз ЭЦҚ-ны алу үшін елшілікке немесе консулдыққа жүгіне алады.
Ол үшін:
- компьютерге NCALayer бағдарламасын орнату;
- www.pki.gov.kz порталында "жеке тұлғалар үшін ЭЦҚ" алуға өтінім беру;
- жеке ЖСН нөмірін енгізіп, тиісті жолдарды толтыру қажет.
Бұдан кейін консулдыққа барып, сайтта өтініш берген соң қалыптастырылған анықтама мен жеке куәлікті ұсыну қажет. Лауазымды тұлға ақпараттық жүйеде өтінімді растаған соң өтініш жасаған компьютерден www.pki.gov.kz порталында шығарылған сертификаттарды (ЭЦҚ) жүктеп алуға болады.
Бүгінгі таңда бұл қызмет Абу-Даби, Бішкек, Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йорк, Прага, Санкт-Петербург, Сеул, Ыстамбұл және Майндағы Франкфурт қалаларында орналасқан 10 дипломатиялық өкілдікте қолжетімді.
Айта кету керек, қазіргі таңда қызметтердің 90%-дан астамы egov.kz порталында қолжетімді. Оларды үйден немесе кеңседе отырып-ақ алуға болады. Бұл үшін ЭЦҚ электронды-цифрлық қолтаңба болуы қажет.

mereili-otbasy

Өнегелі отбасы – елдің тұтқасы! Жарасымды жұптар мен береке-бірлік қонған отбасылар қашан да көпке үлгі. Шаңырақ шаттығы мен ұлттық тәрбиені ұлықтауда Елбасының бастамасымен қолға алынған «Мерейлі отбасы» конкурсының маңызы ерекше. Әрбір жанұя мерейлі, мәртебесі биік болса, қазақ елінің де абыройы асқақ болары анық.

Отбасы күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен онлайн форматта «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

Мемлекеттік хатшы салтанатты рәсімді ашып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқып берді. Онда конкурстың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі және отбасылық құндылықтарды нығайтудағы маңызды рөлі айтылған.

«Мен Қазақстандағы әр шаңырақ берік болып, әрбір әулет бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын. Сол үшін отбасы саясатына баса мән беремін. Ұрпақтың бойындағы адамгершілік пен адалдық, еңбекқорлық пен мейірімділік, ұлтжандылық пен отаншылдық сияқты асыл қасиеттердің бәрі, ең алдымен, отбасында қалыптасады», – делінген Президент құттықтауында.

Айта кетейік, биыл конкурсты өткізудің жаңа тәсілдері енгізілді. Соған сәйкес енді жыл сайын республика бойынша 17 үздік отбасы анықталатын болады.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өткізілген «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпазы Шымкент қаласы бойынша «Әлиевтер отбасы» болып анықталған еді.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Әлиевтер» отбасына Президенттің атынан қаржылай сертификат пен дипломды салтанатты түрде табыстап, туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздың табысты болашағының кепілі екенін айтты.

Жеңімпаз отбасы Алиев Бачак Маханбетұлы– ішкі істер саласының құрметті ардагері, зейнеткер. «АБО» түрік отбасылық ансамблінің жетекшісі. ҚХА «Бірлік» медалінің иегері, ауыр атлетикадан «Спорт шебері», «Полиция үздігі» төс белгісінің иегері. Жұбайы: Алиева Шайзар Қасымқызы – зейнеткер. Әлиевтердің отбасылық өмір тәжірибесі – 52 жыл. Үш баласы, он немересі, 14 шөбересі бар.

Ұлдары жеке кәсіппен айналысады. Немерелері Нұрсұлтан, Елсұлтан және Бексұлтан ұлттық аспаптардың шебер орындаушылары. Бүгінде 3 ұрпақтан тараған 5 жанұя бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде.

Ұл-қыздары мен немерелері қазақ тілінде білім алып, ұлттық дәстүрлерді құрметтеп, ұстанып келеді. Қазақтай дархан елдің кеңдігін көріп өскен отбасының үлкені Б.Алиев перзенттерін туып өскен жеріне аянбай қызмет етуге тәрбиелеп келеді.

Еске салсақ, байқаудың шарты бойынша Шымкент қаласының тұрғындары арасынан барлығы 110 өтініш қабылданған болатын. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4 есе көп отбасы қатысқандығын көрсетіп отыр. Сонымен қатар, биылғы жылы байқауға көп балалы және жас отбасылар екі есе көп қатысқан.

Шымкент қаласы Қаратау аудандық №2 халыққа қызмет көрсету орталығы (240-орам, 190-құрылыс) жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады. Бұл орталық жұмысы 13 қыркүйек, дүйсенбіден бастап бір айға жабылады деп жоспарлануда.

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін бөлім қызметкерлері ХҚО-ның басқа бөлімдеріне жіберілмек. Қала тұрғындары мемлекеттік қызметті алу үшін Қаратау ауданының №1 ХҚО жүгінуге болады (Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі, 35).

Ал дайын құжаттарды беру секторы №2 бөлімде сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін бұрынғы режимде жұмыс істей береді.

 

speccon



Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметтерді egov.kz электрондық үкімет порталында, eGovKzBot2.0 телеграм-ботында және eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн форматта өз бетінше алуға болады. Ал компьютері жоқ азаматтар ХҚО ғимараттарынан тыс орналасқан egov.kz өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын пайдалана алады. Қаратау аудандық өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары әкімдіктер мен оқу орындарының ғимараттарында орналасқан.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызметтерді үйлерінде көрсетеді. Ол үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, сұраныс қалдыруға болғаны.

– 56 сағат ішінде ХҚО қызметкері өтініш берушімен хабарласып, клиентке ыңғайлы уақытта үйіне барады. Осы санаттағы  азаматтарға біз өз денсаулығын күтуге және ХҚО-ға келмей, мемлекеттік қызметті үйден алу мүмкіндігін пайдалануға кеңес береміз. Олар ең танымал және сұранысқа ие қызметтерге қол жеткізе алады. Атап айтқанда, жеке куәлікті, сондай-ақ, электронды цифрлық қолтаңба алу, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалы директорының орынбасары Айдос Ашетов.

 

ECP



Мемлекеттік корпорация қызметкерлері коронавирус індетін ескере отырып, қызмет көрсету барысында барлық қауіпсіздік шараларын сақтайды. Барлық маман маска тағып, антисептиктермен жабдықталған.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мүгедектерге мемлекеттік қызмет көрсету жұмысына көп көңіл бөледі. ХҚО мамандары, белгілі бір санаттағы азаматтардың үйлеріне барып мемлекеттік қызмет көрсетумен қатар есту және сөйлеу қабілеті нашар адамдарға мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ым-ишара тілін меңгерген.


Жыл басынан бері Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлері тұрғындардың үйіне барып, 1 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Мемлекеттік қызметтерді үйде отырып І және ІІ топтағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар балалар ала алады.

ШЫМКЕНТКЕ ҮКІМЕТТІҢ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

Пятница, 10 Сентябрь 2021 04:36

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі басымдықтарды түсіндіру және орындау бойынша Премьер-Министрдің орынбасары
Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Шымкент қаласына келді.

708

Страница 9 из 497