Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті жылдың қорытындысын жасады. Күні кеше Астанада Ұлттық спорт жүлдесін тапсырудың салтанатты кеші өтіп, оған чемпиондар, елімізге белгілі саңлақтар мен спорт ардагерлері, спорт саласының жетекшілері қатысты. Бұл – олимпиада комитеті өткізген дауыс берудің нәтижесі еді. Үздіктер конкурсы Ұлттық спорт жүлдесі биыл осымен…
Қазақ көркем гимнастикасының примасы ретінде танылған Әлия Юсупованың ел үшін сіңірген еңбегі орасан, спорттағы жетістіктері де елеулі. Ол Елбасының ықылас танытып, еркеше құрметіне ие болған даңқты спортшы. Тыңнан түрен салған дарын талай додада ел абыройын асқақтатты. Бүгінде Елбасының қолдауымен ашылған тұңғыш гимнастика мектебін басқарады. ҚР…
«Жақсы сөз жарым ырыс» дейді. Әрдайым жақсылықтан үміттенеміз.2017 және 2018 жылғы күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты Шымкент қаласында өткен-ді. Мінекей, Шымқала төріндегі бәсеке әлем чемпонатының жүлдесіне бастады. Шүкір дейік. Грек-рим күресінен соңғы ел чемпионатының жеңімпазы Мейіржан Шермаханбет тарихтың жаңа бетін ашты.
«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов қалалық жоғары спорт мектебінде болып, ІІІ Паралимпиалық Азия ойындарының қатысушыларымен кездесті.
Таяуда Самарқандта өткен Азия Кубогінде Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының №3 БЖСМ-нің байдарка мен каноэде есу бөлімінің спортшылары жүлделі орындарға ие болып, еліміздің мерейін асырды.
Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Қазіргі таңда әлемдік спортта бәсекелестік өте жоғары. Қазақстан спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымыз асқақтай түсуде. Ал спортшылардың жеңіске жетіп, биік шыңнан көрінуіне үлкен үлесін қосатын маманның бірі - спорт дәрігері екені даусыз. Ендеше, осы…
«Шымкент-2018» марафонына Қазақстанның барлық өңірлерінен, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан мен Ресейден, АҚШ пен Жапониядан келген 3000-нан астам адам қатысты. Марафон Қонаев даңғылындағы «Royal» фитнес-клубынан басталып, Наурыз алаңындағы (Бәйдібек би) мәре сызығымен аяқталды. Жарыс жолы 5, 10, 21 шақырым (жартылай марафон) және 42 шақырым (марафон) қашықтықтарға…
Өнімді еңбектің өтеуі – жеңіс. Спортта бұлжымайтын қағида осы. Жарыстан жеңімпаз болып оралғаныңды ұмытып, келесі бәсекеге дайындық басталады. ...Әлия Мақсұтқызы да жаттығу залында шәкірттердің дайындығын пысықтап отыр. Таяуда ғана Азия ойындарының чемпионы атанған Даяна Әбдірбекова доппен жаттығуда. Жеке бапкері Лола Әділбекова да жанында. Джакарта төрінде…
Оқу жылы жағымды жаңалықтармен басталды. Өңірдегі теңбіл доптан шеберлер шығаруда алдына жан салмайтын спорт мектебі ерекше әдіспен жаттығуға көшті. Яғни, мектептегі балаларды жіті бақылауда ұстайтын ғылыми топ алдағы жарыстарда жеңіске жетудің ерекше жолын жаңа методикалық нұсқаулықта ұсынуда. Екі бағытта жұмыс істейтін футболдан олимпиада резервін дайындайтын…
Азия ойындарында ел қоржынына жүлде салған Шымкент қаласы спортшыларының еңбегi елендi. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, және олардың бапкерлерін марапаттады. Шымкентте спортты дамыту бойынша жұмыстар жандана бермек. 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өткен Жазғы Азия ойындарына Шымкент…