Халықаралық жастар күніне орай, ұлдар арасында кіші футболдан «Базар жастар лигасы» сайысының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Биыл алғаш рет қолға алынған спорттық бәсекеде қаладағы базарлар және сауда орындарының 16 командасы бақ сынап, үздіктер анықталды. Алғашқы турнирде «Акбар базары» командасы жеңімпаз атанды.
Жеңілатлетикалық манежде кикбокстан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов, ҚР Кикбоксинг федерациясының президенті Тастанбек Есентаев, қалалық Полиция департаменті бастығы, генерал-майор Қайрат Дәлбеков қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Өткен жылы қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 498 852 адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының 42 пайызын құрады. Биыл бұл көрсеткішті 43 пайызға жеткізу міндеті тұр. Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев спорттық инфрақұрылымды және бұқаралық…
Шымкент қаласында спорттың жекелеген түрлерін, сонымен бірге кәсіби спортты дамыту шарлары жүйелі жүргізілуде. Атап айтқанда, спорт мекемелері, спорттық тапсырыс жобасы аясындағы ұйымдар, спорт түрлерінен әуесқой клубтар және жергілікті федерациялар тарапынан спорт секциялары ашылып, жұмыс істеуде. Биыл Ұлттық және ат спорт түрлері кешенді спорт клубында «Дәстүрлі…
Шымкент қаласында спорт саласын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтар болсақ, шаһарда соңғы 3 жылда, яғни, 2020-2022 жылдары 219 спорт нысаны пайдалануға берілген. Ал, биылғы жылдың алғашқы 6 айында тағы да 18 спорт нысаны ашылып, жалпы саны 1 093-ке жетіп отыр.
Ташкентте өткен әлем чемпионатында қазақтың шоқпар жұдырық бес жампозы ақтық айқасқа шығып, төртеуі алтыннан салым салды. «Қазақстан», «Қазақстан» деп алып сарайдың түндігін желбіреткен қазақ жанкүйерлері негізінен Түркістан облысы, Шымкент шаһарынан еді. Қазақ – жаратылысында ешкімді алаламайтын, мықтыға құрметі бөлек халық. Осы чемпионатта қазақ жанкүйерлері Өзбекстан…
Бүгінгі таңда ел намысын қорғап, рухын асқақтататын спортшыларды тәрбиелеу, оларды жеңіске жетелеудің маңызын айқындау – Жаңа Қазақстанның алға қойған мақсаттарының бірі. Бұл тұрғыда талай байрақты бәсекелерде топ жарған түлектерімен мақтана алатын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті еліміздегі спорт шеберлерін даярлайтын бірден-бір іргелі оқу орны екенін…
Абай саябағындағы жаңадан ашылған скейт-парк аймақта кезекті рет «Брусья FEST» спорттық-бұқаралық жарысы өтті. Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы, BASQAZHOL спорттық қозғалысы бірлесе ұйымдастырған іс-шараға жалпы 200-ден астам қала тұрғыны қатысып, бақ сынады.
Шымкентте 2023 жылдың 17 қыркүйегінде өтетін жеңіл атлетика марафонына қатысушыларды shymkent-marathon.kz сайтында тіркеу жалғасып жатыр. Талап бойынша спортшылар алты қашықтықты таңдай алады, атап айтқанда, олар – Beginner (5 шақырым ), Runner (10 шақырым), Half Marathon (21 шақырым), Marathon (42 шақырым), Scandi (5 шақырым скандинавиялық…
Аспан асты елінен келген қандасымыз осылай дейді Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионаты тарихи жеңіс сыйлағаны мәлім. Сырт елде жүрген қазақ ұландары өзге елдің туын көтеріп, Әнұранын шырқатты. Әлемнің қай қиырында жүрсе де олар біздің бауырларымыз. Жанкүйерлердің де керемет қолдауына куә болдық. 80 келідегі бәсекеде қос қазақ…