Шымкентте тірек қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI спартакиадасы басталды.
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 12 алтын медаль жеңіп алды
Вторник, 21 Сентябрь 2021 04:58 Автор Редакция
Шымкентте нысана көздеуден 14-ші Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 12 алтын жүлдеге ие болды. Отандық спортшылар 12 алтын, 12 күміс және 12 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастады. Екінші орынға 5 алтын, 8 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған Өзбекстан…
«Antikor.Live» жобасы аясында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев аталған салада 8 айда атқарылған жұмыстармен таныстырды. «Аntikor ortalyǵy» сервистік орталығының алаңында өткен эфир барысында спорттық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландырудың іске асырылуы, спорттық инфрақұрылымды дамыту, спорттық жетістіктер бойынша және т.б. ақпараттар…
Токиода жазғы Паралимпиада ойындары жалғасуда. Қазақстан атлеттері бес жүлдемен командалық есепте 46-орында келеді.
Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаздары анықталды. Чемпионатта шымкенттік Зейнеп Сұлтанбек (18 жасқа дейінгі қыздар арасында) пен Аяулым Қалдарова (14 жасқа дейінгі қыздар арасында) I орынды жеңіп алды.
Бүкіл әлем тағатсыздана күткен төртжылдықтың басты додасы тартысты өтуде. Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарында үш қоламен әзірге 46-шы орындамыз. Қазақстан олимпиадалық құрамасы Токио төріндегі байрақты бәсекеде 27 спорт түрінен бақ сынауда.
Бүгін Жапонияда ХХХІІ Олимпиада ойындары басталады Бүгін бүкіл әлемнің назары Жапонияға ауып тұр. Күншығыс елінде ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары басталады. Әлемді жайлаған пандемияға байланысты Токио төрінде былтыр өтуі тиіс байрақты бәсеке бір жылға кейінге шегерілгені мәлім. Сонымен, бұл – әлемдік деңгейдегі төтенше жағдайға байланысты өтпей қалмай,…
Елімізде кәсіп істеймін деген адамға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек аз емес. Бір ұтымдысы, өз алдына кәсібін енді бастаймын дегендер қайтарымсыз грантқа ие болса, аз-кем тәжірибе жинақтағандарға шағын несие түрінде қолдау көрсетілуде. Мәселен, жас өнерпаз Мұқағали ӘБДІШӘРІП үшінші мегаполисте каскадерлық клубтың негізін қалау идеясын бизнес-жобаға…
Фариза ШАЛТАЙ, бокстан Азия чемпионы: «Намыс жеңістен де қымбат»
Пятница, 18 Июнь 2021 04:54 Автор Азамат ЖАППАР
Дубайда өткен Азия чемпионатында бокстан әйелдер арасындағы сында Қазақстан командасы сегіз алтын иеленіп, жалпы есепте көш бастағаны белгілі. Үшінші мегаполистің атынан 81 килограмм салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Фариза Шалтай Азия чемпионы атанып, ел мерейін үстем етті. Жеңімпаз боксшымен қала күні мерекесінің қарсаңында сұхабаттасудың сәті түсті.
Жас спортшылар жүрекжарды сөзін осылай білдірді Шымкентте алғаш рет жасөспірімдер ауқымды спорт додасында бақ сынасты. Мектеп оқушылары арасында бұқаралық спортты дамытуды көздеген лиганың волейбол, баскетбол, футбол, шахматтан жеңімпаздары анықталды. Үш айға жалғасқан «Шымкент жастар лигасы» жобасының салтанатты жабылуы көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Тартысты додада…