ЕРКЕБҰЛАН ШЫНАЛИЕВТІҢ СПОРТ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Пятница, 02 Июнь 2023 04:54Еңбекші ауданында елімізге танымал боксшы, Олимпиада жүлдегері Еркебұлан Шыналиевтің спорт залының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
«BALASHYM-да» ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАР
Пятница, 02 Июнь 2023 04:53Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «BalaShym» өнер фестивалі ерекше форматта өтті.
Бақытты балдәурен
Пятница, 02 Июнь 2023 04:52Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұйымдастырған «Бақытты балдәурен» атты мерекелік іс-шарада талантты балалар сынға түсті.
Мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік мәні зор
Пятница, 02 Июнь 2023 04:50Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздерміз де дүниеге келді. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын «4 маусым – Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні» ретінде мерекеленеді.
Кәсіпке жол ашқан орталық
Пятница, 02 Июнь 2023 04:48Бүгінде елімізде кәсіп бастағысы келетін жандарға қолдау көп. Мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несиелер, гранттар, сондай-ақ істі жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдаушы мекемемелер тағы бар. Сондай мекеменің бірі – Шымкент қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы. Аталмыш орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық. Шымкент қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының» менеджер-кеңесшісі Майра БАЛСҮГІРОВА әйелдердің орталықтан қандай көмек алатындығы жөнінде қажетті ақпараттармен бөлісті.
ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ АЛҒАШҚЫ ТАРИХИ ЖАЗБАЛАР
Пятница, 02 Июнь 2023 04:46Шымқала туралы алғашқы жазба Шарафаддин Иаздидің Ақсақ Темір жорықтары туралы жазған «Зафар-наме» (Жеңіс кітабы) атты еңбегінде кездеседі. Ол еңбекте Ақсақ Темір 1365-66 жылдары Моғолстанға бара жатқан жорығында алдында жүріп кеткен әскері мен жүк артылған көліктерін Сайрам маңындағы Шымқала деген қоныста кездестірді деп жазады. Міне, Шымкент туралы алғаш рет нақты көрсетілген тарихи жазба – осы дерек болып есептеледі.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін 5 жылдық жоспар ұсынылды
Среда, 31 Май 2023 04:55Шымкент қаласы Полиция департаментінде Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру» бойынша іс-қимыл жоспары талқыланды.
Консультативтік кеңес отырысына Шымкент қаласы ПД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков төрағалық етті. Сондай-ақ, қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, қала прокурорының орынбасары Бақтияр Мұхамеджан, қала мәслихатының төрағасы
Бахадыр Нарымбетов, қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшылары, экономика, білім беру, денсаулық сақтау басқармалары, мемлекеттік емес ұйымдар мен консультативтік кеңесші орган мүшелері маңызды жиынның төрінен табылды.
–Қазір адамдар арасында профилактика тек полицияның міндеті деген пікір қалыптасқан. Бірақ, кез келген қылмыспен біз қоғам болып күрескенде ғана, қауіпсіздікті нығайтуға зор мүмкіндік аламыз. Ол үшін осы жиынға қатысып отырған әр тұлға өз пікірін ортаға салып, тұжырымдаманы іске асыруға бір кісідей атсалысу керек деп ойлаймын, - деді полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков.
Бұған қоса мегаполистің бас полицейі соңғы кездері ең өзекті мәселеге айналып отырған интернет-алаяқтық, тұрмыстық зорлық-зомбылық және есірткі қылмыстарының себеп салдары мен статистикасына жеке дара тоқталып, алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап айтты. Шымкент ҚПД Штаб басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айжан Куленова жиынға қатысушыларды тұжырымдаманы жүзеге асырудың іс-қимыл жоспарымен таныстырды.
Оның ішінде, интернет-алаяқтық, есірткі қылмысы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, жол апаты жағдайларының алдын алуға және полиция қызметінің сапасын жақсартуға арналған 5 жылдық жоспарды назарға ұсынды.
Өз кезегінде, жауапты орган басшылары мен консультативтік кеңес мүшелері ұсынылған жоспарға өз ой-пікірлерін қосып, қызу талқыға салды. Олардың әрқайсысын «Қоғам қауіпсіздігі үшін мен не істей аламын?» деген сауал толғандырғаны анық. Өйткені, жоспардың әр бөлігіне жеке пікір білдіруші азаматтар саны көп болды.
Жиын соңында, қатысушылар жұмыла көтерген жүк жеңіл деп алдағы уақытта қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полициямен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге уәделесті.
Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз
Среда, 31 Май 2023 04:49Шымкентте 154 мыңнан аса оқушы жазғы демалыспен қамтылады
Оқу жылы аяқталғанмен жаз айында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында қала сыртында жазғы сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады. Сауықтыру лагерлеріне жолдама әлеуметтік санаттарға сай келетін отбасылардың балаларына тегін беріледі. 2023 жылы Шымкентте 154 270 оқушының жазғы демалысын тиімді өткізу шаралары жоспарланған. Бұл туралы баспасөз брифингінде қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы мәлімдеді.
Бұл көрсеткіш қаладағы мектеп оқушыларының 64,8 пайызын қамтиды. Оның ішінде 16 715-і қала сыртындағы,
137 555-і мектеп жанындағы лагерлерде демалатын болады. Балаларды сауықтыру, жетілдіру, дамыту және бос уақытты тиімді өткізу мақсатында қала сыртындағы лагерлерде демалдыру үшін бюджеттен 308,5 млн. теңге қаралған. Оның ішінде, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына басымдық берілген. Сондай-ақ былтырғы жылы лагерлердің тазалығы, ғимараттардың ескілігі, тағамдардың сапасына ата-аналардың тарапынан келіп түскен арыз-шағымдарға байланысты, аталған мәселелер биыл қатаң бақылауға алынатын болады.
Осы жылы алғаш рет ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары 2023 жылғы 31 мамырда ұйымдасқан түрде аяқталуда. 1 маусым – оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты жиынды өткізу форматын білім беру ұйымдары таңдайды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шаралары бекітіліп, аудан әкімдері, құрылымдық басқармалар мен құзырлы органдарға тиісті тапсырмалар берілді,– деді Ж.Арысбекқызы.
Г.СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ