САНИТАРИЯЛЫҚ САЛАНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРІ
Среда, 08 Июнь 2022 04:53Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі – еліміздегі маңызды салалардың бірі. Өйткені, бұл саланың мамандары халықтың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін сақтауда, еліміздің санитариялық және эпидемиологиялық жағдайын жақсарту бағытында орасан зор қызмет атқаратыны белгілі. Әсіресе, коронавирусты инфекцияның таралуына байланысты пандемия басталғалы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің халқымыздың салауаттылығы саласында маңызды рөл атқаратыны айқындала түсті.
Алдымызда ашық әрі әділетті экономика құрып, заңнамаға реформа жүргізу міндеті тұр
Среда, 08 Июнь 2022 04:15Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған
үндеуі
Құрметті отандастар!
Кеше елімізде айрықша мәні бар тарихи оқиға болды. Мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Референдум жоғары деңгейде өтті. Мұны халықаралық және отандық байқаушылар да айтып жатыр. Конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланды. Дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ. Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды. Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік. Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді. Референдумға белсене қатысып, қолдау білдірген барша халқымызға зор ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, конституциялық өзгерістердің мән-маңызын түсіндіруге атсалысқан азаматтарға, түрлі қоғамдық ұйымдарға алғыс айтамын.
БОЛАШАҚ ҮШІН – ӘРБІРІМІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ!
Среда, 08 Июнь 2022 04:14Мемлекет басшысының еліміздегі саяси реформаларды іске асыруда халықтың талап-тілектері ескеріліп, ел басқару ісінде ашықтық пен жариялылыққа негіз болатын референдумды өткізу туралы бастамасы халық арасынан қолдау тапқаны анық.
ҚОСЫМША ҚАРЖЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫмНЫҢ ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛАДЫ
Среда, 08 Июнь 2022 04:11Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он жетінші сессиясында 10 мәселе қаралып, бәрі де депутаттар тарапынан қолдау тапты.
ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗУ ЖҮРУДЕ
Среда, 08 Июнь 2022 04:10Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов А-2 автомобиль жолы мен Өтегенов көшесі жалғасының құрылыс жұмыстарын саралап қайтты.
Ата заңмен айқындалады
Среда, 08 Июнь 2022 04:09Мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем берген Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш рет өтті.
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ»: 449 АЗАМАТ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ
Среда, 08 Июнь 2022 04:07Отбасы банкінде «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы тұрмысы төмен отбасыларға - жылдық 2 %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен, бастапқы жарна 10 %-дан кем емес мөлшерде 20 жылға тұрғын үйді сатып алуға несие беру қарастырылған.
КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ТІГІНШІЛІКТІ ТЕГІН ҮЙРЕНУДЕ
Среда, 08 Июнь 2022 04:04Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Бақытты жанұя» орталығында көпбалалы аналар тігін ісін тегін меңгеруде.